jasqazaq.kz

Бүгін «Амазонкалар» фильмнің тұсаукесері өтеді

09 қараша 2017, 12:10

Аңызға айналған амазонкалар жайлы деректі фильм бүгін эфирге шығады. Бұл жайлы картинаның экшн-сахнасының қоюшысы, Nomad Stunts каскадерлер тобының жетекшісі Жайдарбек Күнгүжинов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Амазонка» фильмінің түсіруші тобы мен осы фильмді асыға күткен жұртшылыққа қуанышты хабарымыз бар. Фильм VIASAT HISTORY арнасының эфиріне шығады. 9 қарашаға қараған түні сағат 02:00-де! 9 қараша күні сағат 10:05 және 22:25-те қайталанады. Арна бағдарламасын назарда ұстаңыздар. Бағдарламада фильм түпнұсқасындағы «EPIC WARRIOR WOMEN»-нен аударғанда «Жауынгер әйелдер» деген атаумен жүр. Бізбен жұмыс істегендердің бәріне алғыс білдіремін. Кәсіби мамандармен жұмыс істеген өте қызықты болды», — деп жазды Фейсбуктегі парақшасында Ж.Күнгүжинов.

«Амазонкалар» деректі фильмінің бір бөлімі Қазақстанда, «Қазақфильм» киностудиясында түсірілді.

Смитсон институтының халықаралық жобасы саналатын фильмде сақ және скиф тайпаларындағы жауынгер әйелдері жайлы баяндалады. Картина тарихи жанрда түсіріліп, қойылымдық түсірілімдер мен ғалымдардың сұхбаты негізінде құрылған. Фильм бөлімдерінің бірі Алматы облысының Жамбыл ауданында түсірілді.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы