Әлемдегі ірі спорт түрлері букмекерлік кеңселердің қолдауының арқасында қуатты ынталандыруға ие болды. Оның ішінде қазақ спорты да бар.
Жанкүйер көбейсе, бәс тігу артады
Спорт жарыстарына бәс тігу барған сайын болжам жасауға қызығушылық танытатын жанкүйер қатарын арттыруда. Бастапқыда ақша ұтып алу мүмкіндігіне қызыққандар кейін спорттың нағыз жанкүйеріне айналады. Нәтижесінде бәрінің ұпайы түгел: букмекерлік кеңселер жаңа клиент тартады. Спорт жаңа жанкүйермен толығады. Өзара тиімді симбиоз спорт алаңына да, бәс тігу индустриясына да оң әсерін тигізеді. Сондықтан да бүкіл әлемде букмекерліктің кең өріс алуы кездейсоқ емес.
Спорт ставкалары командалар мен федерациялар үшін демеушілік кірістің жаңа көзін ашты. Бұл табыс ірі букмекерлік кеңселерден келеді. Бүгінгі таңда кез келген чемпионаттың жанкүйері көптеген командалардың ойыншылары букмекерлік кеңселер мен олардың сайттары жазылған форма киетінін көріп жүр. Кез келген спорттық телеарна көрермені матчтарды тікелей эфирде көрсету кезінде ставкалар туралы жарнаманың көбейгенін байқады. Бәлкім, мұндай жарнама бәс тігу индустриясының үлкен спорт түрлерімен өзара әрекеттесуінің ең айқын аспектісіне айналған шығар. Бұл шынымен де солай: ынтымақтастықтың терең болғаны соншалық, спорт ставкалары туралы жарнама матчпен және оның жарнамалық материалдарымен барынша біріктірілген. Клубтардың өздері барлық мүмкіндіктер арқылы беттингті белсенді түрде алға жылжытады, бұл спорт әуесқойлары мен ставкалар арасындағы тікелей байланысты тағы бір дәлелдей түседі. Нақты байланыс: жанкүйерлердің саны көп болса, ставка да көп. Букмекерлік компаниялардың спорт түрлеріне деген демеушілігі де басымырақ.
Шынымен де бәріне тиімді. Бұлай да болады екен-ау?
Өзара ынтымақтастық
Бүгінгі таңда Батыста көптеген жанкүйерлер (кейбір болжамдар бойынша бірқатар елдерде 40%-дан кем емес) матчтар немесе боксшылар жекпе-жегіне үнемі бәс тігеді. Спортсүйер қауымның жаппай және үнемі өсіп келе жатқан ставкаларға қатысуы үлкен спорттың дамуына қосымша түрткі болып отыр. Осындай жаппай сипат алудың арқасында ставкалар ағыны соңғы 7-10 жыл ішінде бірнеше есе өсті. Нәтижесінде букмекерлік кеңселер командаларды қолдауға, бұқаралық спортты дамытуға және басқа да демеушілік шараларға көбірек қаражат аударуға мүмкіндік алды.
Демеушілік бәс тігу (ставка) индустриясы мен үлкен спортпен өзара әрекеттесуі маңызға ие болды, әрі бұл тенденция соңғы жылдары көбірек байқалуда. Әрине, букмекерлік кеңсе спортты жай ғана қолдайды деп түсінбеу керек. Ол спорт бәсекесінің барынша таза әрі әділ болуына мүдделі. Өйткені жаттықтырушылар арасындағы сыбайлас жемқорлық, алдын ала келісілген ойындар букмекерлік кеңселерге қатты соққы болып тиеді. Демеушілік және клуб иелерімен тығыз қарым-қатынас букмекерлік кеңселерге осы сыбайластықтың тамырына балта шабуға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде спорт саласына жыл сайын ондаған миллиард доллар құйылады. Баспасөзде әлемдегі ең танымал спорт командаларының букмекерлік кеңселермен үлкен демеушілік келісімшартқа отырғаны туралы ақпараттар шығып тұрады. Мысалы, екі жыл бұрын Барселона ФК мен 1xBet компаниясы демеушілік келісімге қол қойды. Осыған сәйкес, әлемдегі жетекші букмекерлік кеңселердің бірі каталондық клубтың жаңа жаһандық серіктесі болды. Ынтымақтастық келісімі бес жылға арналды және 2024 жылдың 30 маусымына дейін жұмыс істейді. Бұл осындай келісімшарттардың тек бірі ғана.
Букмекерлік кеңселердің қаржылық қолдауының арқасында спорт клубтары мен федерациялардың ары қарай дамуына қосымша мүмкіндіктер ашылды. Букмекерлік қауымдастықтардың қолдауы жастар спорт академияларын, жасөспірімдер командаларын, жанкүйерлер үшін инфрақұрылымдар мен паралимпиадалық қозғалысты дамытуды ынталандырады. Сонымен қатар (бұл да маңызды) клуб қызметкерлері мен олардың негізгі ойыншыларының жалақыларының айтарлықтай өсуіне әсер етеді.
Түрлі елдердің спорт сарапшылары атап өткендей, аталған қосымша ақшаның үлкен спортқа құйылуы оның сапасы мен деңгейін көтергені сөзсіз. Кәсіби шеберлік артты, спорттағы сыбайлас жемқорлық деректері едәуір азайды, ал спорт жарыстары әсерлі бола түсті. Бұл мемлекет үшін де тиімді. Өйткені кез келген елдің спорт командаларының жетістіктері оның халықаралық аренадағы беделін көтереді. Дамыған елдердегі букмекерлік қауымдастықтардың мемлекет тарапынан күшті қолдауға ие болуының себебі де осында. Бұл заңнамалық реттеуде де, демеушілікті қолдау кезінде де көрінеді. Спортты қаржыландырудың арқасында букмекерлік компаниялар жеңілдетілген салық түрі мен басқа да жеңілдіктерді пайдалануға мүмкіндік алады.
Біздің елімізде қалай?
Біздің елде жұмыс істейтін кейбір халықаралық букмекерлік компаниялардың арқасында Қазақстанға да үлкен спортты қолдау дәстүрі келді. Мысалы, дәл сол 1xBet компаниясы бүгінде «Қайрат» футбол клубының бас демеушісі болып табылады. 1xBet өкілдері «Қайраттың» жаңашылдыққа ұмтылысын, әділ ойнау ұстанымдарын, командалық рухты және жаттықтырушылардың жоғары сапа стандарттарын қолдауға тырысып, клубтың негізгі құндылықтарымен толық бөлісетіндіктерін атап өтті. «Қайратпен» өзара ынтымақтастық аталған брендке Қазақстандағы спортты кеңінен насихаттау және дамыту стратегиясын ұстануға мүмкіндік береді», – деп атап өтті компания өкілдері.
Өкінішке қарай, отандық спортта клубтардың немесе жекелеген спортшылардың инфрақұрылым мен жабдықтарға арналған қаражаттың жетіспеуінен әлемдік деңгейдегі спорттық іс-шараларға қатыса алмай қалатын жағдайлар жиі кездеседі. Бұл жерде де букмекерлік кеңселер клубтар мен спортшыларды дамытуға демеушілік қаражат бөліп, жиі көмекке келеді. Соған қарамастан, сала компанияларының басшылығы өздерінің демеушілік қызметін жарнамалауға тырыспайды. Инсайдерлік ақпарат бойынша 2019 жылы ғана букмекерлік қауымдастықтардың қазақстандық спортқа жасаған демеушілік көмегінің көлемі 1 млрд теңгеден асқан. Бірақ букмекерлердің өздері бұл туралы көп айта бермейді. Олар жарнамаға ұмтылмайды. Олардың басты мақсаты – қазақстандық спорттағы мемлекет пен басқа да жеке демеушілердің салымдары жеткіліксіз әрі барынша күрделі және шығынды бағыттары бойынша қолдау көрсету.
Мұндай қолдаудың көлемі соңғы 3-4 жылда айтарлықтай өсіп келе жатыр. Бүгінде букмекерлік кеңселер Қазақстанның ірі футбол, хоккей, баскетбол, киберспорт командаларына демеушілік жасап, түрлі спорт түрлері бойынша турнирлерді қаржыландырады. Атап айтқанда, беттингтік компаниялар жастардың жаппай киберспортпен әуестенуіне қолдау көрсетуге тырысады. Дәл сол 1xBet әлемдегі ең ірі ESL Gaming ESL компаниясымен демеушілік келісімге қол қойды. Содан кейін 1xBet CS:GO және ESL One Summer & Winter бойынша DOTA2 бойынша ESL Pro Tour ставкалары бойынша эксклюзивті жаһандық серіктес болды.
Сондай-ақ Қазақстанның букмекерлік компаниялары балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту жөніндегі жергілікті жобаларға, оның ішінде аудан орталықтарына арналған футбол алаңдарына барынша демеушілік көрсетуде. Жақында Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының бірнеше ауылында және Алматы облысы Қарасай ауданының Райымбек ауылында отандық букмекерлік кеңселердің демеушілігімен салынған футбол алаңдары ашылды. «АуылФутбол» жобасының жетекшісі Серік Мәмбетовтің айтуынша, бұл ең алдымен 5-7 жастағы балаларға арналған шағын, бірақ өте жақсы жабдықталған нысандар. Сонымен қатар, букмекерлік бірлестіктер осындай көмекті ұлғайтуға, өзге өңірлерде де балалар футболына арналған алаңдар салуға ниетті. «Бұл біздің алғашқы жобамыз. Демеушілермен келіссөздер барысында біз әуелгіде аса сақ болдық, жұмысты ұйымдастыра алатынымызды көрсету үшін шағын жоба ұсындық. Енді бірнеше ауылда алаңдар бар. Біз мұның тек бастамасы ғана екеніне сенімдіміз», – деп атап өтті Серік Мәмбетов.
Әлеуметтік көмек
Букмекерлер ақпарат құралдары өкілдерімен әңгіме барысында қазақстандықтардың спортты насихаттауға мүдделі екендіктерін бірнеше рет айтты. Бұл үшін салауатты өмір салтын насихаттау ғана емес, сонымен қатар әлемдік деңгейдегі негізгі спорттық іс-шаралар трансляциясының қолжетімділігі де маңызды. Сонымен қатар, мұндай трансляцияларды еліміздің көрермендеріне қолжетімді ету бірқатар қиындықтарға тап болады. Көбінесе қазақстандық телеарналарда ірі спорттық шараларды ретрансляциялау құқығын сатып алуға қаржы жетпей жатады. Букмекерлік компаниялар мен қауымдастықтар соңғы бірнеше жылда хабар тарату құқығын өз бетінше сатып алып, оларды телеарналарға ұсынуда. Матчтар мен жарыстар қарсаңында бұл қазақстандық аудитория үшін үлкен сый болып табылады. Мұнда барлығы ұтады. Жанкүйерлер де, телеарналар да, букмекерлер де. Дұрыс бәс тігу үшін жанкүйерлер спорт саласындағы оқиғаларды жіті қадағалап, нақты командалардың жеңістері мен ұтыстарын көріп, әр ойыншының стилі мен мүмкіндіктерін саралай білуі керек. Сайып келгенде, мұндай демеушілік «болжам индустриясына» қосымша клиенттерді әкеледі.
Букмекерлік кеңселердің қайырымдылығы спортты қолдауда ғана емес, түрлі әлеуметтік шаралардан да көрінеді. Мысалы, пандемия кезінде «Дыши.kz» жобасы кеңінен танымал болды. Бұл жобаны ҚР букмекерлері өзін-өзі реттеу ұйымы ұйымдастырған болатын. Ұйымның қатысушылары – ірі букмекерлік компаниялар коронавируспен тиімді күресу үшін аймақтар мен аудан орталықтарындағы бірқатар медициналық мекемелерге көмектесті. Букмекерлер ғимараттар мен жабдықтарды жаңғыртуды қаржыландырды, ең қажетті (мысалы, пульсоксиметрлер) құрылғылар сатып алды, аса қажетті медициналық керек-жарақтарды тегін тарату бойынша арнайы акциялар ұйымдастырды. Жетімдер үйлеріне тұрақты көмек көрсету, балалар мен жасөспірімдер командаларына демеушілік жасау, балалар арасындағы сайыстар ұйымдастыру – осының барлығы Қазақстанның букмекерлік бірлестіктері қызметінің тұрақты салалары.
Бұл тұста «болжам индустриясының» демеушілігіне тікелей байланысты қосымша экономикалық маңызды факторды атап өтпеске болмайды. Бұл – демеушілік келісімшарттар мен қайырымдылық шаралары аясындағы букмекерлік кеңселермен өзара әрекеттесетін көптеген контрагенттер бизнесінің мультипликативті әсері. Көлік қызметтері, инфрақұрылым, спорттық форма мен құрал-жабдықтарды жеткізу, балалар алаңдарын салатын құрылысшы – мердігерлердің жұмысы, осының бәрі де қазақстандықтардың кірісіне жұмыс істейді.
Осы арада «мемлекет бұған мүдделі ме» деген сауал туындайды. Оған спорттағы үлкен жетістіктер, мысалы, ұлттық құрамасы тұлғасындағы «Қайрат» футбол командасын дамытуда, бұқаралық және балалар спортын дамытуда, спортқа жаппай қызығушылықты қосымша ынталандыру қажет пе? Олар букмекерлік қауымдастықтардың спорт федерацияларына жасап жатқан қолдауына мүдделі ме? Бүкіл әлемдегі мемлекеттер сияқты спорттық жетістіктердің шынайылығы үшін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, келісілген кездесулерге және басқа да «астыртын істерге» қарсы күресуге дайын ба? Өкінішке қарай, қазақстандық спорт саласындағы мұндай келеңсіздіктер әлі баршылық.
Әзірге мемлекет тарапынан бұл сауалдарға қызығушылық көрінбейді. Бұл қосымша интриганы тудырады. Әрмен қарай не болатынын көре жатармыз.
Ерлан Қалтаев