ҚазАқпарат -«Шанхай СИПГ» клубында ойнайтын бразилиялық шабуылшы Халктың 30 метрден соққан добы қақпадан бір-ақ шықты.
Осынау қызықты сәт — Youtube-те Sportmiambe арнасында жарияланды.
Қытай чемпионатының 29 турындағы матчта «Шанхай СИПГ» сырт алаңда «Хэнань Констракшн» командасымен кездескен болатын. Бірінші таймнан соң алаң иелері 1:0 есебімен алда келе жатқан. Ойынның 52 минутында «Хэнань Констракшн» ойын ережесін бұзды. Қақпаға дейінгі қашықтық 35 метрге жуық еді. Бірақ Халк айып добын діттеген жеріне жеткізе білді. Оның қақырата тепкен добы қақпа торын тулатты. Бір қызығы, бразилиялық ойын соңында пенальтиден де гол кіргізді. Бұл ойында «Шанхай СИПГ» 4:2 есебімен жеңіске жетті. Айта кетсек, бұл клуб қытай чемпионатында екінші орында келеді. Ал Халк команда құрамында 38 матч өткізіп, 26 гол салды.