jasqazaq.kz

Бразилиядағы президент сайлауында солшылдар көшбасшысы Лула жеңіске жетті

31 қазан 2022, 11:12


Бразилияның солшылдар көшбасшысы Луис Инасио «Лула» да Силва жексенбі күнгі сайлауда қазіргі президент, «бразилиялық Трамп» атанған Жаир Болсонароны аз ғана басымдықпен жеңіп, үшінші рет президент болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бразилияның Жоғарғы сайлау соты хабарлағандай, екінші турда Лула 50,85%, Жаир Болсонаро 49,15% дауыс жинады.

«Мен күрделі жағдайға тап болған елімізді басқаруды өз қолыма алуға дайынмын. Бірақ мен Құдайдың және адамдардың көмегімен еліміздің қайтадан демократиялық жолмен үйлесімді өмір сүретініне сенімдімін. Біз отбасы тыныштығын сақтап, әртүрлі көзқарастарды біріктіріп, бәрімізге қажет Бразилияны құра аламыз», — деді Лула сайлау нәтижелері жарияланғаннан кейін.

Алғашқы минуттарда Луланы Twitter арқылы және басқа да жолдармен көршілес Латын Америкасы мемлекеттерінің басшылары, АҚШ пен Франция президенттері, Канада премьер-министрі және басқа елдердің басшылары құттықтады.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті