Браконьердің көпшілігі жұмыссыз

11 шiлде 2023, 17:18

Браконьерлікке баратындардың 80%-ға жуығы жұмыстың жоқтығынан заңсыз әрекетке барады. Мұны экология және табиғи ресурстар министрлігі әкімшілік полиция комитеті табиғатты қорғау полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Жармағамбетов айтты.
«Балық браконьерлігі бойынша талдау жасалды. Басты себеп — азаматтардың экологиялық әдебінің төмендігі. Азаматтар оңай ақша табу жолында қоршаған ортаға қандай залал келетінін түсінбейді. Браконьерлікке екінші себеп — жұмыссыздық. Қылмыстық жауапқа тартылатын браконьерлердің 80%-ға жуығы — жұмыссыздар. Сонымен қатар заңсыз балық аулау әрекетімен күресу мақсатында құзырлы органдармен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр. Соның бірі — қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске өзгерістер енгізу жағы пысықталып жатыр. Жыл басынан бері қарай батыс облыстарда жүргізілген рейд кезінде 70 қылмыстық құқықбұзушылық фактісі тіркелді. Атап айтқанда 13 заңсыз балық аулау, 3 аңшылық, 54 сирек кездесетін және жойылуға жақын қалған аңдарды аулау фактісі анықталды. Нәтижесінде 1 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деді Әлішер Жармағамбетов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

JQ-Aqparat

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды