jasqazaq.kz

Бозымбаев: Менің бензин бағасына болжам айтатын құқығым жоқ

20 желтоқсан 2016, 15:15

Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихаты барысында журналистердің сұрағына жауап бере отырып, Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бензин бағасы туралы болжам айтпайтынын мәлім етті.

ҚазАқпарат хабарлағандай, «Біріншіден, айтарым, мен нарықтағы инфляциялық жағдайға болжам жасайды деп ешқашан күтпеңіздер. Себебі, мен баға қымбаттайды деп болжам жасасам, баға қымбаттап кетуі әбден мүмкін. Сондықтан, менің бұндай болжам жасауыма қақым жоқ»,-деген министр жанар-жағармай бағасына қатысты нарықтағы жағдайға тоқталды. «Жалпы, менің айтарым, жанар-жағармайдың бірнеше түрі бар. Халық арасында көп сұранысқа ие және бағасы көп алаңдататыны — ол «Аи-92» маркалы бензин мен дизель отыны. Бензинге қатысты айтар болсам, Аи-92 бензинінің бағасы 30 пайызға Ресей нарығына тәуелді. Осы күнге дейін 70 пайызын ішкі нарықтағы өндіріс есебінен жауып келеміз, 30 пайыз импорттап келеміз. Қараша-желтоқсан айларында баға қымбаттады. Енді баға біраз уақытқа дейін тұрақтанады деп ойлаймын. Ал, Ресей федерациясында қазір жерасты байлықтарын пайдалану саласында салықтық реформалар жүріп жатыр. Бұл әрине мұнай саласына да қатысты, өйткені, салықтың көбі осы салада. Сондықтан, жағдайды әлі қарастырамыз. Мен әріптесім, Ресейдің энергетика министрімен тікелей байланыс ұстап отырмын»,-деді Қ.Бозымбаев, Министр атап өткендей, Аи-92 маркалы бензиннің бір литрі 133 теңгеден 139 теңгеге дейін қымбаттаса, дизельді жанар-жағармайдың бағасы 128-130 теңге деңгейінде тұрақтанып тұр.

 

31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу
29 қазан, 12:25
Суомимен стратегиялық деңгейдегі серіктестік