jasqazaq.kz

Бозымбаев: Келесі жылдың басында бензин қымбаттайды

12 желтоқсан 2017, 16:36

Экономикалық теорияның заңына сәйкес, жоғары сапалы жанармай бағасы өте қымбат болады. Бұл туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі LS-ке сілтеме жасап.

Ведомсто басшысы қаңтардан бастап бензин қымбаттайтынын атап өтті. Себебі оның сапасы жоғарылайды.

«Қазір біз К-2 сапалы бензин алып отырмыз. Ал К-4, К-5 алу үшін қосымша тазалау құрылғысы салынып жатыр. Олар қарызға алынған ақшаға құрылады, ал қарызды қайтару керек. Сондықтан да бензин бағасы қымбат болады. Дегенмен, қазір Шымкент мұнай өңдеу зауыты К-4 бере алады, ал Павлодар МӨЗ енді бере бастады», — деп түсіндірді Бозымбаев.

Ол қазақстандықтар жанармайдың жаңа бағасын Атырау мұнай өңдеу зауыты қайта құрылғаннан кейін 2018 жылдың қаңтар-ақпанында біле алатынын айтты.

«Егер Атырауда катализатормен тазалау қызметі жақсы орнатылса, желтоқсанның соңында МӨЗ К-5 сапалы жанармай бере алады. Ал содан кейін қаңтар-ақпанда нақты бағасын білеміз», — деп қосты министр.

Бозымбаев ЕАЭО техникалық регламентіне сәйкес, 2018 жылдан бастап, Қазақстанда К-2 кластағы бензинді пайдалануға тыйым салынады деп ескертті. Жаңа жылдың бірінші тоқсанында өтпелі кезең болады, ал екінші тоқсанда қазақстандықтар тек К-4 және К-5 сапалы бензин қолданады.

25 шiлде, 19:51
Түркістан облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға
25 шiлде, 18:40
Дина Тәжібай: Заманауи трансформатор энергия үнемдейді
25 шiлде, 11:59
Түркістан: Әлеуетті инвестор айналма жол салады
23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң