jasqazaq.kz

Бозымбаев депутаттың сынына жауап берді

07 қараша 2017, 14:29

Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысынан кейін еліміздің Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Мәжіліс депутаты Михаил Чирковтың сынына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада өткен Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің жанар-жағармайға қатысты қайта-қайта қойылған сауалдарына жауап бере келе Қанат Бозымбаев «18-рет айтып берейін. Қарашаның соңында біз баға түзеледі деп күтіп отырмыз», — деген болатын. Министрдің дәл осы сөзі Мәжіліс дептутаты Михаил Чирковтың шамына тиген еді. «Алдыңғы күні ғой деймін, үлкен шенеуніктің бірі Үкімет отырысынан шығады және оған журналистер жақындап сауал қояды. Ал ол: «18-ші рет түсіндіремін», деп жауап береді. Одан ары сөзбе-сөз қалай болғаны есімде жоқ. Бірақ, бұл не қылған мінез?», — деген еді депутат ақпарат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі заң жобасын талқылауға арналған отырыстардың бірінде. Сонымен Чирковтың аталған сынына жауап берген министр былай деді: «Сіз дептутат 18 рет дегеніме қатысты айтқанын сұрап тұрсыз ба? Ол мәтіннен үзіп алынған сөйлем екендігін түсінбеген шығар. Өйткені, біз осы жерде өздеріңізбен бірге күліп тұрдық. Жағдайдың мұнай өнімдері нарығымен байланысты екендігін сан мәрте қайталап айттым. Сондықтан дәл сол сөзді тағы да қайталап айта аламын. Мұнан ешқандай проблема көріп тұрғаным жоқ. Үкіметтің жұмысына сын қарау олардың (депутаттардың) жұмысы. Жалпы, министрлік Мәжіліспен конструктивті жақсы байланыста. Біз олармен жұмыс істейміз. Тіпті бірнеше ондаған жылдан бері жақсы танитын достарымның Мәжілісте бар екендігін де айта аламын».

 

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы