jasqazaq.kz

Бозымбаев Астананы тұмшалаған түтіннің себебін айтты

21 желтоқсан 2017, 10:32


Энергетика министрі Қанат Бозымбаев елорданы газдандыру бойынша жоспарларды айта отырып, Астанада көмір отынын қолдану тоқтатылса, қалада түтіннің болмайтынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министр үкімет отырысынан тыс уақытта Астанадағы түтіннің оған да қолайсыздық жасап жатқанын айтып өтті. Алайда ол «Жасыл белдеу» жобасының қаланың газбен ластануына себепші болмайтынын айтты.

«Мұнда шешім — отынды ауыстыру, яғни, Астанада көмір отынын қолдануды тоқтату. Бірақ бұл үшін тиімді бағамен газ әкелу керек. Осыған байланысты жұмыстар жүргізіліп жатыр, бірінші вице-премьер осы мәселені талқылап жатыр. Қостанайда немесе Ақтөбеде сұйытылған табиғи газ шығаратын зауыт ашып, сосын оны осында жеткізіп тұру керек», — деп ұсынды министр.

Сондай-ақ, оның айтуынша, «ҚазТрансГаз» ұсынып отырған газ құбыры құрылысынан кейін жылу бағасы айтарлықтай қымбаттауы мүмкін. Сондықтан ол қазір басқа да нұсқалардың қарастырылып жатқанын айтып өтті.

Бозымбаев, сонымен қатар, қаладағы түтіннің пайда болуына жылу орталығын кінәламауды айтты. Айтуынша, бұған себеп көбіне жеке секторлардың шығарып жатқан қоқыстары.

Бүгін, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
19 шiлде, 17:32
Түркістан: Жүзім шаруашылығы қарқын алды
19 шiлде, 11:25
Экономика: Тұрақсыз әлемдегі тұрақты өсім