«Бозарық» индустриалды аймағында инфрақұрылым тарту ісі жалғасуда

17 шiлде 2023, 10:16

Президент Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Қазіргі таңда шетел компаниялары Қазақстанға көше бастады. Сондықтан, бұл мәселе тіпті өзекті болып отыр. Арнайы экономикалық аймақтарға инвестициялық жеңілдіктерді саралап беру керек. Неғұрлым көп ақша салсаң, соғұрлым көп жеңілдік аласың деген ұстаным басты қағида болуы қажет. Жұмыс істейтін саласы негізгі бағыт болмаса да, маңызды индустриялық жобаларды жүзеге асыратын инвесторлар бар. Оларға салық және кеден жеңілдіктерін ұсынбай-ақ, жер телімдерін беруге болады», деген еді. Бұл бағыттағы жұмыстар Шымкент қаласында қарқынды жүріп жатыр десек болады.

Қазіргі таңда «Бозарық» индустриалды аймағында инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде. Бүгінде бас мердігер мекеме аймақтың ауыз су және кәріз жүйелерін тартуда. Қала әкімі М.Әйтенов құрылыс барысын қадағалап, жауаптыларға кәсіпорындарға қолайлы жағдай жасау бағытында арнайы тапсырмалар жүктеді.

Бүгінде ауыз сумен қамту жұмыстары бойынша орындалған жұмыстар көлемі 85%-дан асса, электр және табиғи газ желілері бойынша орындалған жұмыстар 68% -ды құрады. Жоба бойынша аймаққа 10,9 шақырым табиғи газ желісін тарту көзделген. Қазір ішкі және сыртқы автомобиль жолдарын салу жұмыстарының тең жартысы аяқталған. Сондай-ақ кірме, қоршау, әкімшілік ғимараты бойынша арнайы жобалар әзірленуде. Индустриалды аймақты сапалы инфрқұрылыммен қамту жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.

Шымкентте 5 индустриялды аймақ бар. Оның ішінде «Оңтүстік» және «Тассай» индустриялық аймақтары, сауда-логистикалық орталығы жұмыс істейді. Қазіргі таңда жаңа «Жұлдыз» индустриялық аймағы дамуда, ал «Бозарық» тамақ өнеркәсібінің агро-индустриялық аймағында құрылыс жұмыстары жалғасуда. «Жұлдыз» индустриялық аймағы 2021 жылы құрылған. Ауданы 306 га. Аталған аймақта 3152 жаңа жұмыс орындарымен қамтитын 35 жоба жүзеге асырылмақ. Жоспарға сай биыл 6 жоба іске қосылып, 450-ден астам азамат тұрақты жұмыспен қамтылады. Бұл бағыттағы жұмыстар өз деңгейінде атқарылуда. Сондай-ақ 2022-2026 жылдар аралығында «Жұлдыз» индустриялық аймағынан 50 компанияның инвестициялық жобалар пулы әзірленді. Осыған орай тағы 3600-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Мемлекет басшысының еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігі және бағаны тұрақтандыру мәселесіне байланысты қойған нақты тапсырмасына сәйкес, қаламызда ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін өндірістік алаңдарын дамыту қолға алынған. Бүгінгі таңда жалпы аумағы 132 га құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібі агро-индустриялық аймағының инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жалғасуда. Аталған аймақта 15 шақырымға суаққы қойылып, электр жүйесін тарту жұмыстары қарқын алған. Инженерлік-инфрақұрылыммен қамту толығымен 2023 жылдың соңына дейін аяқталады. Орналастырылатын жобалар пулы дайын.

Мерей Әлімбек

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды