jasqazaq.kz

Бос орындар жәрмеңкесі өтті

18 қараша 2017, 17:24

Алматыда мемлекеттік қызмет пен бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Шараны Алматы қалалық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Медеу аудандық әкімдігі аппараты ұйымдастырды.

Шара барысында халыққа мемлекеттік қызметті пайдалану, электронды үкімет арқылы қызмет көрсетудің артықшылықтары түсіндірілді.

Келген азаматтар жергілікті атқару органы өкілдерінің, мемлекеттік органдардың өңірлік бөлімшелерінен кеңес алды.

Айта кету керек, Алматыда 48 мемлекеттік орган 353 қызмет түрін көрсетеді.

Бүгінде мемлекеттік корпорация мен электронды үкімет порталы арқылы барлық мемлекеттік қызметтің 60 %-ы жүзеге асырылады.

Жәрмеңкеге 23 мемлекеттік орган, 4 үкіметтік емес ұйым, «Атамекен» ҰҚК, «Даму» АҚ өкілдері қатысты.

2359 адам мемлекеттік қызмет туралы мағлұмат білуге келсе, 350 адам бос орындар жәрмеңкесіне қатысты. Олардың ішінде 56 адамды Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығы жұмысқа тұрғызу мәселесін қарастырып жатыр.

Азаматтарға түсінікті болу үшін мемлекеттік орган өкілдері ақпараттық бейнероликтер, парақшалар дайындады.

Жәрмеңке барысында келушілердің барлығы 15 минут ішінде электронды цифрлық қолтаңба алды. Бұл өз кезегінде азаматтардың үйінде отырып ақ мемлекеттік қызмет алуға мүмкіндігін арттырды.

Көбінесе жиналған халық азаматтық хал актілерін тіркеу, онлайн режімде қызмет алу, жер учаскелерін тіркеу, сотталмағандығы туралы анықтама алу, баспанаға кезек санын білу мәселелері жайлы сұрады.

Айта кету керек, мұндай жәрмеңкелер Алатау, Жетісу аудандарында өткізу жоспарланып отыр.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті