jasqazaq.kz

Болат Зәкіржанұлы: Елімізде 2 миллиард ағаш отырғызуға біздің де үлесіміз бар

30 мамыр 2023, 14:50


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы халыққа Жолдауында 5 жыл ішінде 2 млрд ағаш отырғызуды және елді мекендерде 15 млн ағаш егуді тапсырған болатын. Әлбетте, мұндай маңызды міндетті жүзеге асыру үшін ең алдымен тұқым материалдарымен қамтамасыз ету қажет. Бұл міндет ел ішінде жұмыс істеп тұрған 150 тұқымбаққа жүктелген.
Ағаш егуге қажетті тұқым материалдарымен қамтамасыз ету ісіне қомақты үлесін қосып отырған мекеменің бірі — Алматыдағы «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Оңтүстік-шығыс аймақ филиалы (РМҚК). Біз осы Оңтүстік-Шығыс аймақ филиалының директоры Болат Зәкіржанұлымен байланысқа шығып, бүгінгі күні қандай жұмыстар атқарылып жатқанын сұрап-білдік.

— Болат Зәкіржанұлы, өзіңіз басқарып отырған филиалдың жұмысы мен бағыты туралы қысқаша айтып өтсеңіз.

— Біздің филиалдың басты қызметі — селекциялық-гендік мақсаттағы нысандарды қоса алғанда, тұрақты орман тұқымы базасын анықтау, құру, қалыптастыру, аттестаттау және есепке алу. Қазақстандағы орман шаруашылығын генетикалық құндылығы жоғары, өнімділігі және төзімділігі жақсартылған тұқым және көшет материалдарымен қамтамасыз ету міндетін орындайды. Сондай-ақ орман тұқымдарының және отырғызу материалдарының сапасы мен шығу тегіне бақылау жасау, ормандардың патологиялық жағдайына мониторинг жасау және талдау жүргізумен және оны жақсарту жөніндегі шаралар әзірлеумен айналысады. Филиалдың құрамына «Лавар», «Орман», «Междуреченск» өндірістік бөлімшелері кіреді. Бұлардың жалпы ауданы — 114,5 гектар.

— Филиалға қарасты тұқымбақтарда қандай көшет түрлері өсіріледі?

— «Лавар», «Орман» және «Междуреченск» өндірістік бөлімшелерінде Шренк шыршасы, Сиверс алмасы, кәдімгі өрік, қарағаш, қара сексеуіл, терек ағаштарының көшеттері өсіріледі. Жыл сайын 1 000 000 дана көлемінде отырғызу материалдары орман шаруашылығы мекемелеріне ақысыз негізде өсіріліп, берілуде.

— Сонда отырғызу материалдарымен қай аймақтар қамтамасыз етіледі?

— Алматы, Түркістан, Жамбыл, Жетісу облыстарын тұқыммен қамтамасыз етеміз. Жалпы орман саласына қатысты барлық тұқым біздің зертханада зерттеуден өтеді. Тұқым өсіру орталығы болғаннан кейін, тұқым сапасын, класын анықтаймыз. Оның үстіне осы төрт облыстың тұқым сақтайтын орындарын қадағалаймыз. Қандай тұқым базаларында сапалы тұқым бар екенін анықтап береміз. Аттестация жүргіземіз. Питомниктерге есеп жүргіземіз.

— Мемлекеттен қаржылай қолдау бар ма, техникамен жабдықтау жағы қалай?

— Филиалдың қызметі мемлекет есебінен қаржыландырылады. «Нива», «Газель» автокөліктермен, «Беларусь» тракторларымен және топырақ өңдейтін аспалы құрылғылармен жабдықталған. Айта кетейін, тұқымбақтарда отырғызу материалдарын өсіруде тамшылатып және жаңбырлатып суару әдістері қолданылады.

— Елімізде 2 млрд ағаш отырғызу міндетін орындау ісіне сіздің филиал өз үлесін қосып отыр ғой?

— Филиалдың алға қойған мақсаты да сол — Мемлекет басшысының 2020 жылғы Жолдауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында 2 миллиардтан астам ағаш отырғызуға және 2025 жылға қарай Арал теңізінің құрғаған ұлтанында сексеуіл екпелерінің алаңын 1-1,1 млн гектарға дейін ұлғайту үшін көшет және тұқым материалдарымен қамтамасыз етуге үлес қосу. Міне, осы міндеттің үдесінен шығу үшін қарқынды жұмыс істеп жатқан жайымыз бар.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

— Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Ғалия Қалиева
Суреттерді Оңтүстік-Шығыс аймақ филиалы ұсынды

06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң