jasqazaq.kz

«Болашақтың жоспары мен жобасы»

01 қараша 2017, 16:23

«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев трансформациялау бағдарламасына байланысты компаниялардың барлық жетекші менеджерлері арнайы Job matching процесінен өтетінін мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Барлық ұйымдар, коммерциялық компаниялар үш бағытта дами алатынын көріп отырмыз: біріншісі менеджерлердің сапасы, екіншісі процестердің сапасы, үшіншіден технологиялар. Барлық бизнес осы үш бағытқа тәуелді. Бұл бағыттың үшеуі бойынша бізде жол картасы бар», — дейді басқарма төрағасы. Менеджерлерге қатысты жол картасы незігінде «Самұрық-Қазына» компаниялардың басшылығындағы 1600 қызметкерді халықаралық дәрежеде бәсекеге қабілетті болуын қалап отыр. «Нақты айтқанда, екі жол бойынша: ірі компанияларда еңбек еткен мамандарды шақырып, жергілікті кадларды тәрбиелегіміз келеді. Екіншіден, лауазымдар бойынша жұмыс жүргіземіз. Лауазымдарға қойылатын талаптар біздің аналогтарға қойылатындай дәрежеде болуы керек. Барлық компаниялар мен лауазымдар үшін біз тәуелсіз комиссия құрдық. Ол комиссияның құрамына тәуелсіз директорлар, шетелдік мамандар мен біздің компанияның үздік мамандары енді. Нақты сол комиссия бүгінгі менеджерлердің лауазымына сәйкес келе ме, жоқ па — соны анықтап беруі тиіс», — дейді ол. Өмірзақ Шөкеевтің айтуына қарағанда, көптеген лауазымды тұлғалар бұл талаптарға сәйкес келмей жатады. Мәселен, бас кеңсенің өзінде менеджерлердің жартысы, басқа кәсіпорындардың менеджерлерінің 30-40 пайызы Jobmatching процесінен өте алмай, олармен қош айтысуға тура келген. «Бізде өзінің ізбасарларын тартқысы келетін жетекшілер баршылық. Біз бұған қарсымыз. Мұндайды байқасақ, нақты сол компанияда Jobmatching процесін қайта өткізуді талап етеміз. Әр менеджер арнайы әдістеме арқылы ашық түрде сыналатын болады. Егер талапқа сай келмесе, шығады. Бірақ, компанияға ену өте күрделі бола түседі. Ол емтиханның 8 түрінен өтеді», -дейді ол.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы