jasqazaq.kz

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»: Есімдердің жаңғыруы

19 ақпан 2018, 11:22

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-да оқушылар мен студенттердің қатысуымен өткен Республикалық форум
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мемлекетімізде көптеген шаралар ұйымдастырылып, өз деңгейінде атқарылып келеді. Солардың бірі, ЖОО-да келешек жастарға тура бағыт-бағдар еру мақсатында түрлі шаралар атқарылуда. Мысалы, осы жылдың басында әл-Фараби ат.ҚазҰУ-да өткен «Есімдер әлемінде» атты Республикалық форум. Ерекшелігі студенттер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынасты негізге ала отырып, оқушыларға кәсіптік бағдар беру.

Бұл жиынның тағы бір ерекшелігі мектеп оқушылары мен ЖОО студенттерінің Тараз қаласы, Алматы облысы мен Алматы қаласынан қатысуымен өткенінде. Қатысушылар қоғамдағы есімдерге қатысты түрлі тақырыпта шағын шығармаларымен баяндама жасады. Жасалған баяндаманы талқылап, сұрақтар қойылды.

Жалпы форумақсаты қатысушылардың есімдерге байланысты шығармашылығын дамыту, баяндама жасау барысында өзін өзі ұстау, тақырыпты ашуы, сөз саптауы, есімге байланысты өз ойын мейлінше жеткізе алуы болатын. Қоғамда орын алатын есімдерге байланысты сан түрлі тақырыптар қамтылды. Өз есімдерінен бастап, елді мекен атаулары, эргонимдер, көне ескерткіш атаулары мен эстрадалық топ атаулары да, т.б. көптеген қызықты тақырыптағы баяндамалар қамтылды.

Қатысушылардың баяндамаларын бағалау үшін арнайы сарапшылар қатарында тарих ғ.д., профессор А. Қалыш, филол.ғ.к., доц. С.Бектемірова, PhD докторы А. Досанова, «Қазақ филологиясы» мамандығының 4 курс студенті Д. Шәмішова болды.
Қатысушылар саны – 33, оның ішінде 2 сынып оқушыларынан бастап 15 мектеп оқушылары, ал қалғандары (география факультеті, филологтар мен «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының) студенттері болды. Сарапшылардың қорытындысы бойынша 1 орынды – 3; 2 орынды – 5; 3 орынды – 6 ең үздік қатысушылар алды. Сондай ақ, қатысушылар мен жетекшілеріне сертификат табысталды.

Ең негізгісі, форумды Алматы қаласы тілдерді дамыту басқармасы мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ, филология және әлем тілдері факультеті жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының жанынан құрылған «Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті. Баяндама барысында қатысушылар аталмыш бағдарламаны да назардан тыс қалдырмады.

Атап өту керек, үздік деп есептелген баяндамалар Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының дипломдары мен арнайы сыйлықтармен марапатталды.
«Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубының жетекшілері: филол.ғ.д., проф. Г.Б. Мадиева, оқытушылар: П.Т. Медетбекова мен Г.А. Бөрібаевалардың ұйымдастыруымен қатар қатысушыларға клубтың атынан сыйлықтар табысталды.
Қатысушылар мен жетекшілерінің тарапынан осы дәстүр алдағы уақытта да жалғасын тапса деген пікірлері де айтылып жатты.

Оқушылар мен студенттердің қатысуымен өткен жиынның келешек жастар мен келешек маман иелеріне берері мол. Қатысушылар бір-бірімен танысып, ат/атауға қатысты, қоғамдағы қызметіне қатысты біршама мәліметтер біліп қайтқанын да айта кеткен жөн.

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ оқытушылары
МАДИЕВА Г.Б., П.Т. МЕДЕТБЕКОВА, БӨРІБАЕВА Г.А.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды