jasqazaq.kz

Болашағы бұлыңғыр ауылдан кеткісі келмейді

11 қазан 2016, 21:33

zzzz

Қарағанды облысындағы үш елдімекенінің жұрты «ауылдағы үйлерді сүргелі жатыр» деп шу шығарды. Шенеуніктер «бұл елдімекендердің болашағы жоқ деп»  тұрғындарды көшіруді қолға алған. Алайда, баспаналарды тым төмен бағаға бағалап отырған көрінеді.

Қираған үйлердің үйіндісіне қарап, соғыстан берекесі қашқан қауіпті аймақтарда жүргендей боласыз. Бірақ бұл Қарағандыдағы Сәтпаев қаласынан бес шақырым жердегі Жезқазған елдімекені. Онсыз да картада жоқ 2700 түтіні бар ауыл жақында әбден қаңырап қалуы мүмкін. Өйткені бұл маңдағы үш елдімекен қоныстандыру бағдарламасына іліккен.

МЕЙРАМГҮЛ САЛҚЫМБАЕВА, Тілші:

— Дәл осылай әлі мыңға жуық отбасының үйі жермен жексен болуы мүмкін. Биліктегілер халыққа баспаналарын босатуға уақыт та беріпті. Айтуларынша, шенеуніктер баспаналарын сүруге рұқсат бермегендер үйлерінен күштеп шығарылады деген.

САҒЫМБАЙ БИШАР, Жезқазған елдімекенінің тұрғыны:

— Бізге беретіндері есептейміз, сотқа шақырады. Дұрыс емес ақшасы. Мысалы тоғыз миллионға мен не алам? Этажды үй да келмейді оған. Менікі жер үй.

Ашуға мінген ауылдықтар үйлерін бағалаған мамандардың сомасына үзілді-кесілді қарсы. Өйткені 3 бөлмелі баспаналарда тұрып үйренген халық «мардымсыз ақшаға бағасы шарықтаған заманда бір бөлмелі пәтердің өзін алу қиын»,  -дейді.

Тұрғындар осыдан алты жыл бұрын басталған қоныстандыру жүйесімен үйлерінің өз рұқсаттарынсыз сүріліп басталғанын айтады. Ұрлық та көбейген дейді.

МЕЙРАМГҮЛ САЛҚЫМБАЕВА,Тілші:

— Бұл тұрғын үйді арнайы техника осыдан үш ай бұрын қиратып кеткен. Тұрғын үй иелерінің рұқсатынсыз баспананы сүруге келген бульдозер мұндағы тұрмыстық техника мен жиһаздарды да жарамсыз еткен.

МЕЙРАМГҮЛ САРТОВА, Жезқазған елдімекенінің тұрғыны:

— Октябрьге дейін. Мерзімді айтпайды «бульдозерді әкеп, қырып тастаймыз», — дейді. Бізге «принудительно» деп жаздыртып алады да сосын неше түрлі қағаз жібереді. Заключили договор. Ол не нәрсе?

Ал атқамінерлер болашағы жоқ елдімекендермен осындай күресті бастады дейді тұрғындар. Үш бірдей ауылдың жерін мемлекеттің қажеттілігіне береміз деген шенділер сарапшылар айтқан ақшамен келіспегендерді күштеп шығаруға дайынбыз дейді.

 БОЛАТБЕК ЖАҚСЫБАЕВ, Сәтпаев қаласы әкімінің міндетін атқарушы:

— Немесе біз ұсынған пәтерлерге равнозначно. Немесе сот белгілеген компенсация беріледі. Не болмаса ия мәжбүрлі түрде шығару болады.

Шенеунік айтып тұрған пәтерлерге кіруден де елдің біразы бас тартып отыр. Өйткені су жаңа баспаналардың қабырғалары мен едендері әлден сыз тартады дейді. Оның үстіне не жылу, не ыстық су жоқ екен айтуыларынша.

31.kz

27 наурыз, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету