Боксшы Бейбіт Шүменов: Лас интригаларға қатысқым келмейді

12 шiлде 2023, 16:07

Белгілі қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов елордадағы сауда орталығында болған жағдай туралы айтып берді. Ол өзінің Instagram парақшасында жазба жариялады.

«Жағымсыз жағдай орын алды және басқа ракурстан көрсетілген бейнежазба мені дұрыс емес етіп көрсетті. Бұл жағдайды соңына дейін түсінбей, оқырмандар маған түрлі жағымсыз пікірлер жаза бастады. Ақпараттық дәуірде кез келген адамды жаман жағынан көрсетуге болатынын жақсы білесіздер», – деп жазды Шүменов. Оның айтуынша, бұл жағдайға балалар арасында кикілжің себеп болған.

«Сегіз жасар ұлым бұл күні ойын алаңында жүрген, ал оны басқа бала себепсіз арқасынан ұра бастады. Ұлым одан алшақтап, әрі қарай ойынын жалғастырды. Бірақ бірнеше минуттан кейін әлгі бала қайтып келіп, ұлыма тағы шабуыл жасамақ болды. Балам одан қаша бастады. Содан кейін ер адам баласын алып кетті. Ұлым мұндайға үйренбеген және бұл оған үлкен стресс болды”, – деді спортшы.

Айтуынша, баласының арқасы қызарып, сызаттар байқалған. Боксшы осыдан кейін баланың әкесіне барғанын айтты.
“Ұлымды ұрған бала сенікі ме дегенімде, агрессивті түрде «иә, ұрды, содан не бопты? Не істейсің маған?!» деді”, – деп жазды боксшы. Оның айтуынша, ер адам аса зардап шеккен жоқ.

«Сот сараптамасы оның дене жарақаттарының салдарынан денсаулығына жеңіл де, орташа да зиян тимегенін растады және анықтады. Ер адамның қолында болған баладан кешірім сұрағым келеді және бала осы жағымсыз көріністің куәсі болғанына өкінемін. Қазіргі уақытта жанжал толығымен аяқталды. Мені жамандағысы келетін барлық адамдарға айтарым – мен қара болсын, ақ болсын, пиарға қызықпаймын және лас интригаларға қатысқым келмейді», – деді Шүменов.

Боксшы ер адам баланы қалқан ретінде қолданды деп санайды.

«Мен оны мойнынан алған кезде ол сол қолындағы құралмен шабуыл жасай бастады. Сосын ол пышақ емес екенін түсінгеннен соң, баланы жіберді де, пышақты алып, ішіме тықпақ болды. Қашып үлгердім. Сосын пышақты лақтырып жіберіп, баланы қайтадан қолына алып, оны қалқан ретінде қолдана берді. Маған пышақпен шабуыл жасаған сәтте мен ашуландым. Мен әке ретінде ұлымды ғана емес, өзімді де қорғауым керек еді», – деп мәлімдеді ол.
Спортшы ер адам баласын жіберсін деп әдейі оны диванға қарай итергенін айтады.

“Мен кәсіпқой боксшымын, қалай соққы жасауды білемін, баланы ұрған жоқпын, содан кейін полиция келіп, бәріміз Есіл ауданының аудандық бөлімшесіне бардық. Балалар ешнәрсе болмағандай аудандық бөлімде ойнап кетті. Ал сол баланың анасы менен, жұбайымнан және баламнан кешірім сұрады және оның баласы аутизммен ауыратындықтан, адамдарды себепсіз ұрып-соғып, тепкілеуі мүмкін екенін айтты. Баланың анасы бұл туралы айтқан сәтте қатты өкіндім», – деді басы дауға қалған спортшы.

JQ-Aqparat

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды