jasqazaq.kz

Бойжеткенге жұдырық жұмсаған полицей жазаланбайтын болды (видео)

01 қараша 2017, 17:52

Бойжеткенге жұдырық жұмсаған полицей жазаланбайтын болды. Себебі, жүргізілген тексерістің нәтижесі инспектордың жазықсыз екенін көрсеткен. Бұл туралы облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы айтып берді. Оның сөзінше шу шығарғандар бағынбай, билік өкіліне күш қолданған. Тіпті тәртіп сақшысының погонын жұлып тастапты. Бұл туралы tvk-uko.kz хабарлады.

Бүкіл елдің жағасын ұстатқан бұл жағдай 27 қыркүйек күні орын алған еді. Қаладағы мейрамханалардың бірінде көңіл көтерген жастар спирттік ішімдіктен ұрттап алып, жанжал шығарған. Сөйтіп, мейрамхана қызметкерлерінің полиция шақыруына тура келген. Оқиға орнына шұғыл келген автоэкипаж тәртіп бұзғандарды алып кетуі тиіс болған. Бірақ, айыптылар заң талаптарына бағынбай, билік өкіліне күш қолданыпты.
Әбдіғани СЕЙДУАЛИЕВ, ОҚО ЖПҚ бастығы:
– “Ол жерде біздің қызметкерлер тарапынан заң бұзушылық орын алған жоқ. Барлығыңызда көріп отырсыздар. Погонын жұлып алып, оны бетіне лақтырып, балағаттап. Сол жөнінде жаңағы азаматтардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Ал, біздің қызметкерлерге қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп кінәсіз екені анықталды”.
9 айда атқарған жұмысын тілшілермен бөліскен Әбдіғани Сейдуалиев жол апатының алдын алуға білек сыбана кіріскенін айтты. Қазір, өңірде көлік қақтығысы жиі орын алатын 13 аймақ анықталған. Енді сол жерлерде бақылау күшейтіліп, жол потрульдік полициясы кезекшілік атқарады. Әсіресе, Шымкент-Ташкент тас жолы басты назарда. Себебі өткен жылы мұнда бірнеше ірі жол көлік оқиғасы болып, ондаған жолаушы қаза тапқан еді.

Әбдіғани СЕЙДУАЛИЕВ, ОҚО ЖПҚ бастығы:
– “Күрделі болып отырған Шымкент-Жетісай тас жолы. Біріншіден жол тар, көліктер обгонға шығады. Екіншіден жүргізушілерге көрінбейді жол. Сөйтіп, қарама-қарсы бағытқа шығады. Соның кесірінен болып жатыр. Біз сол жерлерді тексереміз қай шақырымда жол апаты көп болатынын. Кейін сол аралықта жұмыстар жүргіземіз”.
Жиын сайын депуттардың сынына ұшырап, сөз еститін Әбдіғани Сейдуалиев кемшіліктерді жоюға барын салып жатыр екен. Өңірде жалпы, 2830 жергілікті полиция қызметінің өкілі барын мәлімдеген ол жағдайды жылдам реттеу мүмкін емес,-дейді.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы