Бойжеткен сахнаға шығып, жиналған адамдардың көзінше тұрмыс құруға шақырған жігіттің ұсынысын қабылдамады, — деп хабарлайы Daily Mail. Оқиға Американың оңтүстік-батысындағы Монтерей қаласында болды.
Басылымның мәліметі бойынша, видео кейіпкерлерінің ұлты — мексикалық. Видеода жігіт сахна ортасында тізерлеп, қызға махаббатын білдіреді. Мұндай әрекетке риза болған қыз жігіттің гүлін қабыл алады. Алайда жігіт қалтасынан сақинаны алып шығып, тұрмысқа шығу туралы ұсынысты айтқан сәтте қыз бас тартады.