Атышулы хэллоуин мерекесі өтіп кетсе де, «ештен кеш жақсы» деп қазақтың ұлттық киімін киіп, қорқынышты келбетін көпшілікке көрсеткен бойжеткен желі қолданушыларының ашуына тиді деп хабарлайды NUR.KZ.
Instagram желісіне Kween_t_ аккаунтымен тіркеліп, отыз мыңға жуық оқырман жинаған қыз үнемі ашық-шашық образдарымен бөлісіп отырады.
Бұл жолы ол жұрттың «қазақша көйлек кимейсің бе» деген сын-пікірін ескеріп, ұлттық нақыштағы камзол мен көйлек киіп отырған арнайы суретін жариялаған.
«Міне, достар! Бәрі де сіздер үшін. Ештен кеш жақсы. Хэллоуин құтты болсын!», — деп жазады бойжеткен.
Түр-әлпетін құбыжық секілді бояп алған ол ешкімге сенбейтінін алға тартып, «бетімді өзім әрледім» деп мақтанды.