jasqazaq.kz

Бойдақ қыз-жігіттерге мемлекет қолдау көрсетеді

29 наурыз 2018, 11:53

Халықты оңтүстіктен солтүстікке көшіру бағдарламасы аясында енді тек отбасыларға ғана емес, некеде тұрмаған азаматтарға да мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Бұл мәселе халықты жұмыспен қамту және көші-қон мәселелері туралы заң жобасында көрініс тауып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Айта кетсек, демография болжамына қарағанда 2050 жылға қарай еліміздің оңтүстік өңірлерінде халық саны шамаман 5,3 миллион адамға көбейіп, жұмыссыздық мәселесі күрделене түсуі мүмкін. Керісінше солтүстік өңірлерде тұрғындар саны 900 мыңға кеміп, жұмыс күшінің жетіспеушілігі үлкен проблемаға айналуы ықтимал. Осындай демографиялық теңгерімсіздікті реттеу мақсатында мемлекет басшысы берген тапсырмаға сәйкес үкімет екі жылдан бері артық жұмыс күші бар өңірлердің еңбеккерлерін жұмыс күші жетіспейтін облыстарға қоныстандыру бағдарламасын іске асыруда.

Былтыр қоныс аударушылар саны 2016 жылмен салыстырғанда екі есе көбейіп, 3800 отбасыға жеткен. Ал биыл көш қарқыны одан әрі үдеп, тиісті квота бойынша қоныс аударушылар саны 9 мың адамға дейін көбейтілмекші.

«Қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерін ғана емес, енді қоныс аударушылардың жеке басын, оның ішінде некеде тұрмаған азаматтарды да мемлекеттік қолдау шараларымен қамтып, өңірлік квотаға енгізу қарастырылуда», — деді бүгін сенаттың отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова.

Бұдан бөлек, заң жобасында оралман статусын ұзартуға қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

«Халықтың көші-қоны туралы қолданыстағы заңға сәйкес оралман статусы оны алғаннан кейін бір жыл өткен соң тоқтатылады. Бүгінде этникалық репатрианттар, бұрынғы оралмандар түрлі себептерге байланысты дер кезінде ҚР азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен ала алмаған және бүгінгі таңда жедел алу мүмкіндігінен айырылған. Сол себептен депутаттар тарпынан Қазақстан азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу үшін ғана оралман статусын үш айдан аспайтын мерзімге ұзартуға мүмкіндік жасау туралы ұсыныс берілді», — деді министр.

Сонымен бірге, Қазақстан аумағында тұрақты тұрып жатқан этникалық қазақтар оралман статусының мерзімі біткен соң оны қайта ұзартуға алты ай ішінде өтініш білдіре алады.

Бүгін сенат депутаттары «Халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулер енгізу туралы» заң жобасын екі оқылымда қарап, қабылдады. Заң мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет
09 желтоқсан, 13:10
Алматы өңдеу саласын дамытуды жеделдетті
04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді
01 желтоқсан, 15:36
Алматы метрополитені: 14 жылда 200 миллионнан астам жолаушы