jasqazaq.kz

Блогер неге «жылайды»?

17 ақпан, 12:41

Былтырғы жазда қаржы министрлігі 162 блогердің кірісі мен шығысында миллиардтан астам теңгеге айырмашылық бар екенін жария еткен. Түсінікті тілмен айтсақ, ақшаны «күреп табатын» блогерлер табысының қомақты бөлігін жасырып, салықтан жалтаруға тырысады.

Кезінде әлеуметтік желінің келешегі зор боларын болжап білген Әлішер Елікбаев өзі мен әріптестеріне салық мекемесінен хабарлама келіп жатқанын жазды.
«Онда сұмдық сомалар көрсетілген. Кейбір әріптестерімнің 300 000 000 теңге қарызы бар болып шықты. Бұл таза табысы миллиард теңге шамасында дегенді білдіреді (әрине, ол мүмкін емес). Мұндай соманың қалай есептелгені түсініксіз. Енді олар ешқашан мұндай ақша таппағанын дәлелдеп жүр», — деп жазады ол.
Елікбаевтың мойнына 5 млн теңге салық ілініпті. Ол мұны қайырымдылық үшін қаржы жинаған қызметімен байланыстырады. Өзі айтқандай, картасына донорлық бүйрек пен балалар хосписіне реаномобиль сатып алу үшін ел-жұрттан ақша жинаған. Енді сол соманы шашау шығармай қайырымдылыққа жұмсағанын дәлелдеуі тиіс.

Жалпы Елікбаев сияқты блогерлердің «Мұндай соманы қайдан алды?» деп таңдануы түсініксіз. Өткен жылдан бері банктер жеке тұлғалардың картасына түскен күмәнді қаржы туралы салық органдарына мәлімет беретіні бірнеше рет ескертілді.

Екіншіден, мұқтаж жанға жиналатын көмек қаржы неліктен дәл соның өзіне емес, осы шараны ұйымдастырған блогердің картасына аударылады? Бұл оның сол қаржыдан өз үлесін алатынын білдірмей ме?

Jas Qazaq

Сурет: nalogikz.kz

12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?