
Орал-Атырау тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алды. Бұл туралы «Мой ГОРОД» сайты хабарлады.
Куәгерлердің айтуынша, жол апаты 2 мамыр сағат 00.30-да Орал-Атырау бағытындағы 180 шақырымында орын алған.
БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасында екі адам қайтыс болған.
— Автобус пен ауыр жүк көлігінің жүргізушісі қайтыс болды, екеуі де Өзбекстан азаматтары. Олар жедел жәрдем келгенше көз жұмған. Ақжайық ауданының орталық ауруханасында түрлі жарақаттармен тағы бір адам ауруханаға жатқызылды, — деп хабарлады Облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Батыс Қазақстан облысының ІІД кейінірек түсініктеме беруге уәде етті. Басқа мәліметтер нақтылануда.