jasqazaq.kz

БҚО-да сот үкімімен адвокатқа 160 млн теңге айыппұл салынды

18 қазан 2022, 15:57

Ақтау қалалық соты алаяқтық бабымен айыпты болған адвокатқа 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Соттың баспасөз қызметі мәлім еткендей, 14 қазанда адвокат алаяқтық жасағаны және пара сұрағаны үшін сотталды.

«Ер адам адвокаттық қызметпен айналыса отырып, жәбірленушіні 8 миллион теңге көлемінде пара беруге әдейі мәжбүрлеген. Ол аталған сома жәбірленушінің ағасына қатысты қылмыстық іс бойынша жазаны жеңілдету мәселесін сотта шешуге жұмсалады деп сендірген. Осылайша, адвокат жәбірленушілерге деп аударылған ірі көлемдегі қаржыны алдау арқылы өзі иемденіп алған», — делінген сот хабарламасында.

Айта кетерлігі, сотталушы прокурормен кінәсін мойындау туралы процессуалдық келісім жасасқан. Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде сот оның кінәсін толық мойындағанын, шын жүректен өкінгенін және сотталушының жасы ұлғайғанын ескерді.

«Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сотталушы 160 миллион теңге айыппұл төлеуі керек. Сонымен қатар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқара алмайды», — делінген үкімде.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті