jasqazaq.kz

БҚО-да аурухана қызметкерін пышақтап кеткен

06 қазан 2022, 12:53

30 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысындағы аудандық аурухананың қызметкері пышақ жарақатын алған. 27 жастағы жәбірленуші медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, сағат 13.22-де Ақжайық ауданы Чапаево ауылындағы орталық аудандық аурухананың жедел жәрдем бөліміне пышақ жарақатынан зардап шеккен 27 жастағы әйел жеткізілген. Ол құрсақ қуысы, кеуде және мойын тұсынан пышақ жарақатын алған.

«31 жастағы күдікті анықталды. Ол да дене жарақатымен Орал қаласындағы ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы және 99-бабының 2-бөлігі (Кісі өлтіруге оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шегушінің облыстық ауруханада қосымша қызметкер болып жұмыс істейтінін растады.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті