
Бішкектегі мейрамханада жаппай уланғандар саны 150 адамға жетті, деп хабарлайды Кабар Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінде Қызғызстан Республикалық жұқпалы аурулар ауруханасына «Ала-Тоо» мейрамханасындағы тойдан кейін тамақтан уланған 139 адам түскен. Оның ішінде 89 адам, соның ішінде 19 бала ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ, ведомствоның дерегі бойынша Шолпан-Ата қаласы Ыстықкөл облысы Ыстықкөл аудандық ауруханасына сол тойда уланған 12 адам түскен. 1 сәуір күні 10 адам ауруханаға жеткізіліп, амбулаторлық көмек көрсетілген. «Қазіргі таңда ауруханада 10 адам жатыр. Олардың барлығының басы ауырып, айналып, жүрегі айнып жатыр. Кейбірінің температурасы көтеріліп, диарея байқалуда», — деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінен. «Ала-Тоо» мейрамханасындағы тамақтардан сынама алынған. Зерттеу нәтижесі үш күнде дайын болады.