jasqazaq.kz

Бішкекте мейрамханада уланғандар саны 232 адамға жетті

03 сәуiр 2018, 14:51

Бішкектегі мейрамханада жаппай уланғандар саны 232 адамға жетті, деп хабарлайды Кабар агенттігі Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бішкектегі Республикалық жұқпалы аурулар ауруханасына бүгіннің өзінде 198 адам, ал өңірлік ауруханаларға 34 науқас жүгінген. Соның 131-і ауруханаға жатқызылды. Еске сала кетейік, Бішкектегі «Ала-Тоо» мейрамханасында клиенттер тамақтан жаппай уланып қалған болатын. Оқиғаға байланысты «Ала-Тоо» мейрамханасына 20 мың сом айыппұл салынып, уланудың мән-жайы анықталғанға дейін жабылды. Бұдан бөлек ғимараттың әкімшісіне 5 мың сом айыппұл салынды.

ҚазАқпарат

12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет
09 желтоқсан, 13:10
Алматы өңдеу саласын дамытуды жеделдетті
04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді
01 желтоқсан, 15:36
Алматы метрополитені: 14 жылда 200 миллионнан астам жолаушы