
Бішкекте ер адам балаларға ішінде инесі бар кәмпит таратқан. Жергілікті полиция қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Оны білген Бішкек тұрғыны полицияға жүгінген. Оның айтуынша, 11 жастағы қызы мен басқа да балалар белгісіз ер адамнан тәттілер алған. Кейін кәмпиттердің ішінен ине сынықтары табылған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үйін тінту барысында ұқсас кәмпиттер мен басқа да айғақтар табылды.