jasqazaq.kz

Бір жыл өткенде: Алмас Кішкенбаев ренішін білдірді

11 ақпан, 12:37

Әнші Алмас Кішкенбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, өзіне қатысты жағдайға көңілі толмайтынын аңғартты. Ол өз атын «тарихтан жойғысы келетіндер бар» екенін айтып, соған қарамастан өмірдің жалғасатынын жеткізген.

«Менің атымды тарихтан жойғысы келеді екен. Көрейік… Күтейік… Өмір жалғаса береді, сіздер барда мен өшпеймін…», – деп жазды ол.
Сондай-ақ Алмас Кішкенбаев барлық телеарналарда «қара тізімде» жүргенін білетінін де атап өтті. «Қарапайым халықтың алдында мен жәй ғана әншімін. Өнерімді құрметтейтін тыңдармандарым бар. Оны да артық көрсеңіздер, айтарға басқа сөзім жоқ…», – деп түйіндеді ол.

Бірақ ол қай телеарнаның қара тізімінде екенін айтпады.

Еске түсірсек, осыдан тура бір жыл бұрын әншінің басы дауға қалған болатын. Сол кезде ол 17 жастағы балаға сыра ішуді ұсынып, кейін тиіскен деген ақпарат тарап кетті. Осы қылығы үшін ол 15 тәулікке қамалған болатын.

JQ-Aqparat

 Фото: @a.kishkenbaev

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?