Олимпиада спортшысы, қазақстандық фристайлшы Дмитрий Рейхерд өзінің бір жасар қызын шаңғы тебуге үйретіп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Спортшының әйелі шаңғы теуіп жатқан қызының видеосын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Осылайша, бір жасар қыз әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етті. «Бұл біздің бірінші жаттығуымыз. Варвара бір жас 3 айға келіп қалды. Меніңше, бұл шаңғы тебуді үйренуге болатын кез», — дейді спортшы Дмитрий Рейхерд. Желі қолданушылары өз кезегінде Варвараның әкесі сияқты спортшы болып, болашақта Олимпиада чемпионы болатынын жазып жатыр.