Қостанай облысында ірі көлемдегі мал ұрлығы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
4 қазанда полицияға 34 жастағы жергілікті тұрғын келіп, «Қыпшақ» жайылымының жанында 46 жылқы жоғалып кеткенін хабарлады. Шығын 23 млн теңгені құрады. Ер адам фермада үш үйір жылқы бар екенін айтты. Малдың жүрген жерін бақылап отыру үшін әр үйірдегі жылқылардың біріне GPS трекері бекітілген.
Қыркүйек айының ортасында жоғалған үйірде ондай белгі болмаған. Иесі іздеуді өз бетінше жалғастырған. Қылмысты ашу үшін полиция басқармасында екі жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел жұмыс нәтижесінде Арқалық полицейлері екі күн ішінде 46 және 47 жастағы екі күдіктіні – Ақмола облысының тұрғындарын анықтады.
Жедел уәкілдер күдіктілердің мал ұрлау үшін облыс аумағындағы және көрші өңірлердегі жайылымдарды мақсатты түрде айналып өткенін айтады. Ер адамдар көлікпен және мотоциклмен жүрген. Терісақан ауылынан 200 шақырым жол жүріп өтіп, олар жылқылар шоғырын байқап, оны Ақмола облысына айдап әкетуді шешеді.
Далалық жолда жылқы ұрлаушылар малды қораға айдап, онда үйірдің айғырындағы трекетті алып тастайды.
Ақмола облысында күдіктілер келесі күні малды жергілікті тұрғындарға сатып үлгереді. Аталған факті бойынша ҚК 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Қамысты ауданында да полицейлер қысқа мерзімде жоғалып кеткен ағылшын-қарашай тұқымының жылқысын тауып, иесіне қайтарды. Ауыл тұрғыны жергілікті учаскелік полиция Бауыржан Нұрмановтан көмек сұраған. Іздеу іс-шаралары барысында полиция қызметкері малды тауып, ауыл тұрғынына қайтарып берді.