Бір айда 6000 жұмыртқа ұрлаған

20 шiлде 2023, 14:21

Қарағанды облысы Бұқар-Жырау аудандық полиция басқармасына ауданға қарасты құс фабрикасынан 6 мың жұмыртқа ұрланғаны туралы ақпарат түсті. Келтірілген шығын — 312 мың теңге.

Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген іс-шаралар барысында 23, 40 және 58 жас аралығындағы үш азаматты ұстады. Біреуі құс фабрикасының жұмыскері болса, қалған екеуі сол жерде күзетші болып жұмыс істеген. Олар өзара сөз байласу арқылы ұрлық жасағандарын мойындады. Жұмыскерлер жұмыртқаны қол сөмкеге салып, өткізу пункті арқылы өткізген, ал күзетшілер оны көрмеген болып, кейін өзара бөлісіп отырған. Сөйтіп бір ай ішінде 6 мың жұмыртқаны жымқырған.

Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды