Білім және ғылым министрлігінде тағы бір даудың шеті шықты

12 қараша 2016, 0:03

snimok

Білім және ғылым министрлігінде тағы бір даудың шеті шықты. Осы ведомостводағы ғылым комитеті төрағасының орынбасары мемлекеттік қызметтің дәрежесіне кір келтіргені үшін жұмысынан қуылмақ. Айыпты болған Ләззат Құсайынова болса, мұның бәрі жаңа министрдің аяқтан шалуы дейді. Ғалымның айтуынша, өз командасына орнын босатпағаны үшін Сағадиев мырза соңына түскен. Сот процесіне бергісіз мемлекеттік қызметкерлердің әдебі мен тәртібі қаралған отырыстан тілші жалғастырады.

31.kz хабарла5андай, ең алдымен ғылым комитеті төрағасының орынбасары Ләззат Құсайынованың мәселесі қаралды. Шенеунік басшыларының рұқсатынсыз Иранда өткен ғалымдардың басқосуына барғаны үшін айыпталып отыр.

ЛӘЗЗАТ ҚҰСАЙЫНОВА, ҚР Білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті төрағасының орынбасары:

— Ғылым комитеті мемлекеттік мекеме болғандықтан менің тікелей басшым төраға. Оның және вице-министр Сұханбердиеваның мақұлдаған қызметтік хатым да бар. Олар қарсы болса қол қоймас еді. Заң бұзушылық жоқ, шақырту жеке басыма арналған, әрі еңбек демалысым кезінде болған.

Ләззат Құсайынова, өзіне қарсы айыптаулардың бәрін — қызметінен қуу үшін жасалған қасақана әрекет дейді. Жан-жақты қысым жасап жатыр деп кеңес мүшелерінің алдында жылап та жіберді.

Содан кейін сөз алған министрлік өкілі, бұл жайтты түсіндіріп берді. Қорқыту үшін емес, бүгінгі кеңес отырысына шақырту апаруға барған қызметкерлеріміз деді. Ал, Құсайынованың шетелге шығуына тек министрліктің жауапты хатшысы ғана рұқсат бере алады екен.

НҰРСЕЙІТ БАЙЖАНОВ, ҚР Білім және ғылым министрлігі Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры:

— Адамды Иранға жіберу деген, Иранның қандай мемлекет екенін өздеріңіз білесіздер, қазбаламай-ақ қояйын. Бірақ, ол кісі басшысының рұқсатынсыз, өз еркімен осы елге кетіп қалды. Ғылым комитетінде 2 салаға бағытталған бірқатар ұйым бар. Оның ішінде әскери бағыттағы технологиялармен байланысты ұйымдарды атап өтуге болады. Әрине, Құсайынованың бұл салалардағы ақпаратқа рұқсаты жоқ. Бірақ, төрағаның орынбасары ретінде бұл ақпараттарды білетін адамдармен араласып, бірқатар мәселелерден хабары болуы мүмкін.

Рұқсатсыз шетелге шығып, айыпты болған комитет төрағасының орынбасары мемлекеттік қызметкерге ұстаздық және ғылыми жұмысты қатар алып жүру заңға қайшы емес деп отыр. Алайда, министрлік өкілдері — басшысының рұқсатынсыз шығуына болмайды дегеннен танар емес. Екі жақты да тыңдағаннан кейін кеңес мүшелерінің қарауына 1 ғана ұсыныс түсті.

АЛИК ІШПЕКБАЕВ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары:

— Наложить на Кусаиновой дисциплинарное взыскание с занимаемой должности. Я прошу проголововать.

Дауыс бергенде кеңес мүшелерінің пікірі екіге жарылды. Алайда, «жұмыстан шығару туралы» ұсынысты қолдамасақ, заңға қарсы келеміз деген пікірден кейін қайта дауыс беріліп, көпшілік қолдап жіберді.

— Сіз өзіңіз кімнен деп ойлайсыз? Кім қысып жатыр деп ойлайсыз?

— Министр образования, ответсекретарь, новая команда.

БАҚЫТНҰР ӘЛІБАЙ, Тілші:

— Егер, бүгінгі кеңестің шешімі жүзеге асырылатын болса, онда Ләззат Құсайынованың мемлекеттік қызметке қайта орналасуы қиындауы мүмкін. Оның қызметінде қалу, қалмауы «қысым көрсетті» деп өзі айыптаған министр Ерлан Сағадиевтің кесіміне байланысты болмақ.

17 шiлде, 19:00
Ұлы мұрат - тәуелсіздік
16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде