Оқиға Чилидің Гаити қаласында болған. Ричард Джозев есімді азамат көшеде келе жатып 9-қабаттан құлағалы тұрған әйелді көреді. Ол бастапқыда өзгелер секілді оқиғаны телефонның видеосына түсіреді. Кейіннен оны қағып алмақ болады. Алайда әйелді қағып алған уақытта өзінің қолы мен тізесі қатты зақымданған. Оны жергілікті бизнесмендер емханада тегін емдеп беретін болды.
Ер адамның үстіне құлаған әйел есінен танып қалып, сәлден соң барып өз-өзіне келе бастайды. Оның мұндай қадамға не себепті барғаны белгісіз. Ал ер адам бірден жұлдызға айналып, телеарналарға шақырту алып жатыр.