«Бес масақ» заңымен сотталған шаруалардың есімі анықталды

03 маусым 2022, 12:08

Алматы облыстық өңірлік комиссиясының құрамындағы екінші жұмыс тобының «Ірі байлардың малын кәмпескелеу жұмысы» бойынша жүргізген есебінің қорытындысын шығарды.

Екінші жұмысшы тобы шаруа қожалықтарын күштеп ұжымдастыруға және қазақ отбасыларын отырықшыландыруға ұшыраған кулактардың, байлардың, жартылай феодалдардың (орта шаруалардың) және шаруа қожалықтарының тәркіленген шаруашылықтары бойынша қозғалған қылмыстық істерді, әкімшілік материалдарды зерделеумен шұғылданып келеді. Осы бағыт бойынша 83 тәркіленуші шаруалардың тізімдерін анықтап, олардың 30-ы ақталмағаны дәлелденіп отыр. Алматы облысының шекаралық аудандарынан мал-мүлкі тәркіленіп, жер аударылған 273 шаруаның тізімі анықталды. Мамандардың тиісті талдауынан өтіп жатқан түрлі шаруашылық-саяси науқандар бойынша жазаланғандар мәселесі бойынша 1932 жылғы 7 тамыз заңы бойынша Алматы облысында 1634 шаруа сотталғаны анықталып, тізімі белгілі болды. Ал 1947 жылғы 4 маусымда қабылданған осыған үндес жарлық бойынша жазаланғандар саны 181 адамды құрады.

1928 жылғы Жетісудан тәркілеуге ұшыраған ірі байлардың тізімі мұрағат қорында «Байлардың жеке ісі» деген атпен сақталған. Аталған тізім бойынша осы өлкеге тарайтын орыс тіліндегі «Жетісу ұшқыны» газетінің 23 қыркүйектегі №106 (398) санында, қазақ тілінде жарық көретін «Тілші» газетінің 26 қыркүйектегі №56 (383) сандарында жарияланды.
Тізімге назар аударсақ, Қарқара ауданынан: Исабек, Имамбаев 2. Абиыр Дәркембаев, 3. Дайырман Тыштыбаев, 4. Желібай Манабаев,
5. Иса, Барымтаев 6. Ақшал Құмаев, 7. Жазылбек Түргенбаев, 8. Оразалы Байбатшаев;
Қастек ауданынан: 1. Әбділда Тоқбергенов, 2. Есдәулет Асылбеков, 3. Ахметжан Асықов, 4. Абайылда Келгенбаев (Кельчимбаев болып жазылған – Р.О.), 5. Тойбай Қашкенов, 6. Жылқыбай Қадырбаев, 7. Қасымбай Айтқожанов, 8. Әбілда Жаубасаров,
9. Беспай Медеуов, 10. Нұрпейіс Тойжанов, 11. Ахмет Серікбаев, 12. Айдарбек Есенов, 13. Әбдіхалық, Рыскелдинов 14. Шолтабай Құдайбергенов;
Қордай ауданынан: 1. Құлажан Ақатаев,
2. Мүсәпір Хожанбердиев;
Қаратал ауданынан: 1. Саяқ Бұламбаев,
2. Жетібай Қылшабаев, 3. Қыраубай Қырбасов, 4. Арыстанбек Диқамбаев, 5. Фаюрзша Ешмұхаметұлы Абылайханов;
Бәрібаев ауданынан: 1. Тасыбек Базарбаев,
2. Кеңесбай Бақтияров, 3. Құндыбай Төлеудинов, 4. Әбдікерім Мерсаев, 5. Мұхамадия Ахметшалов, 6. Қасым Сыйқымбаев, 7. Садық Жердентапқанов, 8. Әбдірахман Шілікбаев,
9. Имашхан Шошақбаев, 10. Базарбай Мәметов, 11. Заманбек Бексұлтанов;
Іле ауданынан: 1. Әлімбай Қараев, 2. Өтеген Дауталиев, 3. Қайыпғали Ордабаев, 4. Сағит Халықов;
Бүйен Ақсу ауданынан: 1. Қожахмет Маманов, 2. Махмұтбек Маманов,
3. Сейітахмет Сейітбатқалұлы Маманов,
4. Есенғұл Маманов, 5. Айтмұхамбет Тұрысбеков, 6. Опы Жүсіпов, 7. Тәңірберген Тұрысбеков,
8. Бекет Былшықов, 9. Сарыеке Қылиев;
Алакөл ауданынан: 1. Малаев Самет;
Октябрь ауданынан: 1. Мамырбай Әлібеков, 2. Жанғазы Тақсыққожаев; Еңбекші қазақ ауданынан: 1. Тоқсамбай Исмайлов, 2. Қарасарт Жамбауов, 3. Жүніс Құлмамбетов, 4. Нұрке Абаев, 5. Олжайымбет Шорымбаев, 6. Ахмет Дәулетбақов, 7. Шәріп (Жоруп) Бейбітов,
8. Дүйсебек Жайнақов, 9. Дәулетбақ Дәркенбаев, 9. Жүнісбай Сергібаев, 10. Райс Бескемпіров;
Балқаш ауданынан: 1.Әлімбек Әшімов (Ойшимов), 2. Тезекбай Исмайлов,
3. Дәркембай Исмайлов, 4. Жаманқұл Шығыров,
5. Әбіл Тлеуқабылов, 6. Қожай Бөрібаев;
Шоқпар ауданынан: 1. Атош Тлеужанов,
2. Әлімбай Мәркенов, 3. Сапанбай Мәркенов,
4. Мешітбай Өмірбеков, 5. Оразалы Есмамбетбаев;
Алтынемел ауданынан (Малайсары):
1. Ерасыл Шолбаев, 2. Есімбай Даулбаев,
3. Бекбатыр Байтулатов, 4. Балдыбай Самаев,
5. Рахматулла Бұғыбаев.

(Декрет бойынша тәркіленген, жер аударылғандар жалпы саны анықталатын болады).

1930 жылғы 14 қыркүйектегі Шекаралық аудандардан бай-кулактарды жер аудару туралы БКП(б) Қазақ өлкелік комитеті қаулысына сәйкес, БМСБ (ОГПУ) Алматы округінен 263 іс бойынша 273 шаруаны әр түрлі жазалаған. Жұмыс тобының мамандары осы 273 адамның тізімін анықтады. Бұл құжат 21.01.1931 жылға жатады. (Дерек көзі: ҚР ОМА 5-қор, 21-тізім, 61-іс, 34-45 парақтар)
Қазақстан өлкелік бақылау комиссиясы – ҚАССР жұмысшы-шаруа инспекциясы халық комиссариаты мәліметтерінде Калинин ауданындағы бір ауыл кеңес, 4 кулакты өлім жазасына кескені жазылған. Есік ауданында колхоздың рұқсатынсыз кез келген мүлік пен азық-түлікті сатуға және сатып алуға тыйым салынды. Колхозға кіруден бас тартқандар да жазаланды. Калинин ауданында бір уәкіл 16 орташа мен кедейлерді барлық сиырларды ортақтастыруға қарсы шыққандары үшін қамап тастаған. Өлкекомнан уәкіл болып Қастек ауданына жіберілген Қубасов Алматы округінде жаппай ұжымдастырылған аудан саналып, кулактарды жою шаралары жүргізілген Есік ауданында 138 шаруашылық тәркіленіп, сотқа берілді. Кулактарға қатысты 58 көрнекі сот өткізіліп, олар әртүрлі мерзімдерге қамауға алынып, жер аударылу мен жерден айыруға кесілді. 1930 жылдың 22 ақпаны қарсаңында ауданда 3647 шаруашылық (84%) ұжымдастырылды.

1930 жылдың 1 наурыздағы округом жедел үштігі шешімімен округ аумағынан тыс жерлерге жер аударылатын 2-категориялы кулак шаруашылықтар Есік ауданынан – 120, Калинин ауданынан – 200, жалпы көлемі 320 шаруашылық және 1600 жан (бір шаруашылыққа 5 жаннан есептегенде) деп белгіленді.

1930 жылдың 10 сәуірдегі құпия анықтамаларға сәйкес, Өлкеком комиссиясы қаулысымен Алматы округінен басқа округтерге 2-категория бойынша 320 кулак шаруашылығы жер аударуға жатқызылса, соның 153 шаруашылық (771 адам) жер аударылған. Ал округтің өзі ішінде жаппай ұжымдастырылған аудандардан басқа аудандарға жер аудару межесіне үшінші категориялы 365 шаруашылық жатқызылып, оның 86-сы жер аударылған. Калинин ауданындағы бір ауылкеңес 4 кулакты өлім жазасына кескенін көрсеткен. Есік ауданында колхоздың рұқсатынсыз кез келген мүлік пен азық-түлікті сатуға және сатып алуға тыйым салынды. Колхозға кіруден бас тартқандар да жазаланды. Калинин ауданында бір уәкіл 16 орташа мен кедейлерді барлық сиырларды ортақтастыруға қарсы шыққандары үшін қамап тастаған.

1929 жылдың қарашасында Өлкеком отырықшыландыру бойынша жоспарлы жұмыстарды бастау жөнінде арнайы шешім қабылдады. 1930 жылдың басында ХКК жанынан республикалық отырықшыландыру комитеті құрылды. Алматы округінен отырықшыландыруға жататын көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар сан 18046 құрады. БК(Б)П Орталық комитеті 1929 жылдың 20 желтоқсанында «Ет проблемасын шешуге байланысты шаралар» туралы қаулы қабылдады. 1929 жылдың 6 қаңтарындағы Алматы округтік атқару комитеті Орталық өлкелік өкіметтің 34000 мүйізді ірі қара шығару жөніндегі тапсырмасын, округтік атқару комитеті төмендегіше жоспарды қабылдайды. 1932 жылы 7 тамызда Орталық Атқару комитеті мен КСРО Халық комиссарлар кеңесінің «Мемлекеттік кәсіпорындардың, колхоздардың және кооперациялардың мүлкін қорғау және қоғамдық (социалистік) меншікті қорғау туралы» қабылдаған қаулысының («Бес масақ» заңы) Алматы облысы бойынша сотталған 1634 шаруаның есімдері анықталды.

Архив құжаттарына сәйкес, Алматы облысы бойынша бай-кулактарды жою бойынша 1103 адам жазаланған. Олардың ішінде 1031 бай, 18 молда, 51 орташа, 3 кедей болған. Жазаланған, тәркіленіп, жер аударылған шаруалар ішінде шекарадан өтіп кету мақсатында келіп, тұрақтап қалған «Сібір кулактары» деген категория болған. Деректерде олардың саны 65 адам деп көрсетілген (Дереккөзі: ҚРПА 719-қор, 2-тізім, 126-іс, 178-184 парақтар).

Шаруаларды сот арқылы қуғындауға большевиктер 1926 жылғы РСФСР Қылмыстық кодексінің 61-бабын да пайдаланды. Онда міндеттемелерден, қоғамдық маңызы бар жалпымемлекеттік міндеттемелерден немесе істерді атқарудан бас тартуға қылмыстық жаза көзделген. Бұл баптың да мәнісі азаматтық құқықтарға қол сұғу. Бұл баппен сотталған шаруаларды да ақтау – өзекті шаруа.

Аман Күнікеев,
топ жетекшісі,
Ш.Уәлиханов атындағы
тарих және этнология
институтының
ғылыми қызметкері,
тарих ғылымдарының магистрі

03 желтоқсан, 14:17
Мектепте ақша жинау мәселесіне Ғани Бейсембаев нүкте қойды
26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?