jasqazaq.kz

Бес күдікті: Сауд Арабиясынан елге қайтарылады

09 қараша 2016, 13:10

snimok

Сауд Арабиясында терроризм бойынша күдікпен ұсталған бес адам Қазақстанға қайтарылды.Tengrinews.kz хабарлағандай Қазақстанның Сауд Арабиядағы елшісі Бақыт Батыршаев ҚР СІМ брифингінде биыл Сауд Арабиясында терроризм жасады деген күдікпен жеті қазақстандықтың ұсталғанын мәлімдеді.

Елшінің айтуынша, Қазақстанның бес азаматы отанына қайтарылды. Ал қалған бір азаматқа қатысты қазіргі уақытта келіссөздер жүргізіліп жатыр, тағы біреуі тергеу жұмыстарынын аяқталуын күтеді.

«Ұсталған азаматтар жайлы айтатын болсақ, мен оларды теракт жасауды жоспарлады деп айта алмаймын. Олар терроризм жасады немесе терроризмге қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Бірақ мен қазір оқиғаның мән-жайын айта алмаймын, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Әзірше олар террористік акт жасамақшы болды деп айтудың қажеті жоқ», — деді Бақыт Батыршаев.

Еске салайық, 2015 жылдың желтоқсан айында Сауд Арабиясының қауіпсіздік органдары Қазақстанның бес азаматын террорлық ұйымдарға қосылуға әрекет жасады деген күдікпен ұстаған еді.

13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік