jasqazaq.kz

Бес балалы ананы жанұясымен бірге ауылдан қуып шыққан

19 қазан 2017, 12:45

Алматы облысы Әйтей ауылының тұрғыны екі ұлын мектепке орналастыра алмай жүр. 7 және 4-сыныпта оқитын балалар бұған дейін Шиен орта мектеп-интернатында білім алған. Алайда осыдан бір апта бұрын мектеп директоры аналарының дертіне байланысты екеуін білім ордасынан шығарып жіберіпті. Бұл туралы NUR.KZ порталының тілшісі хабарлайды.

«2014 жылы төртінші баламды өмірге әкелген соң тымауратып ауырып, дұрыс емделуге жағдайым болмай, жөтел өкпеме түсіп кеткен. Сол кезде дәрігерлер маған «туберкулездің жабық түрі» деп диагноз қойып, екі ай ауруханада жатып емделіп шықтым. Тіпті, рентген қорытындысы бойынша өкпеңіз таза, жазылдыңыз деп те айтты.

Тағы бір айтарым, олар маған туберкулездің жабық түрі адамнан-адамға жұқпайды деп ескертті. Балаларды да уақытылы бақылауда ұстап, қыркүйек айында рентген сәулесі арқылы тексергенде өкпелері таза болып шықты. Сосын интернатқа орналастырдым. Енді келіп, аналарың 2014 жылы туберкулез орталығында тіркеуде болған деп балаларды мектептен шығарып жіберді», — дейді Айгүл Елеуова.

Мектеп директоры балаларды мектептен қуу туралы бұйрықты телефонмен алған.

«Маған Жамбыл аудандық туберкулезге қарсы диспансердің басшысы телефоныма қоңырау шалып, ұрсып берді. «Заң бұздың, осы үшін жауапқа тартыласың. Олардың анасы бізде тізімде тұр, неге оқуға аласың?» деген соң мектептен шығардым. Менің басым екеу емес»,- дейді мектеп директоры Естай Көпжасаров.

Бір қызығы, екі бірдей оқушыны мектептен қуып жіберген директор туберкулезге қарсы диспансерден алған бұйрығын телефон арқылы алған. Ал қағаз жүзінде ондай бұйрық жоқ. Сасқан мектеп басшысы өз кінәсін мойындап та отыр.

Ауыл әкімдігі де отбасыны жан таптырмай көшуге мәжбүрлеген.

Тұрғанбаевтар жанұясының көрген қорлығы бұл ғана емес. 2014 жылы Аққайнар аулының әкімдігі де Айгүлдің дертіне бола, отбасын ауылдан қуған.

«Аққайнар ауыл әкімінің орынбасары мен учаскелік полицей үйге келіп «сен турберкулезбен ауырады екенсің ғой. Ауылдан кет, басқа жаққа көшіңдер» деп жан таптырмады. «Болмаса балаларыңды алып қоямын» деп қорқытқан соң Алтын орда маңына көшіп кеттік», — деп жылады келіншек.

Тұратын баспанасы, тұрақты жұмысы болмаған соң отбасы балаларын Шиендегі мектеп-интернатқа жатып оқуға орналастырып, өздері біреуге жалданып тау басында 30 мың теңгеге мал бағып жүр.

Аудандық тубдиспансер не дейді?

Отбасының өз баспаналары болмаған соң бірнеше рет пәтер де ауыстырған. Осы жағдай Жамбыл мен Қарасай ауданының дәрігерлеріне жақсы сылтау болып отыр. Олар тексерілуге келген отбасыны бір-біріне сілтеп, рентген сәулесінің қорытындысын тексермейді де екен.

«Жамбыл ауданына барсам, Қарасайға бар дейді. Ал олар керісінше айтады. Салпақтап екі ай жүрдім. Тіпті бас дәрігер Маржан Қайымқызы денсаулық парақшамды қарамай бетіме лақтырып, «сен шіріп жатырсың» деп қалай болса солай сөйлеседі», — дейді Айгүл Елеуова.

Жамбыл ауданының туберкулезге қарсы диспансерінің басшысы болса бұл отбасы Қарасайға барып қайтадан тексеруден өтсін, келіншек дәрі ішуін қайта бастамаса бірде бір мектепке кіргізбейміз деп отыр.

«Түберкулездің жабық түрі жұқпайды дегенмен адамның организмі әлсіресе қайтадан өршіп кетуі мүмкін. Сол үшін қайтадан 2-3 ай ауруханада жатып, біз айтқан дәрілерді ішсін. Балалар сау болса да анасы науқас болғандықтан оларды мектепке кіргізе алмаймыз. Талғардағы интернат шиапажайға апарып тастасын», — деді Маржан Қайыпқызы.

Ал Айгүл Елеуова болса қос ұлының ол мекемеде жатқанын қаламайды.

«Шипажай деген аты болғанымен ол жерде ата-анасы туберкулездің ашық түріне шалдыққан балалар жатады және күн сайын барлығына өкпе қабынуына қарсы дәрі береді. Сау баламды не үшін осындай мәжбүрлі емге өткізуім керек. Ол дәрумен емес, өте ауыр дәрілер өзім ішіп, есімнен танып қалып, жансақтауда жатып та шықтым», — деп қарсылық танытып отыр көпбалалы ана.

Айта кетерлігі, бес балалы Тұрғанбаевтар отбасы аядай ғана бір бөлмеде қысылып тұрып жатыр. Ал, үлкен ұлдары Айбек пен Жәнібек болса бокстан бірнеше рет чемпион болған жас спортшылар.

Алайда, қағазбастылық пен тұрақты мекен-жайдың болмауынан жеткіншектер не мектепке, не интернатқа бара алмай қор болып қой бағып жүр.

Бүгін, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті