jasqazaq.kz

Берік Асылов: Қазақстандағы әрбір маңызды инвестициялық жоба прокурорлық сүйемелдеуде болады

09 сәуiр, 13:59

Бас прокуратурада Берік Асыловтың төрағалығымен отандық және шетелдік инвесторлар өкілдерінің қатысуымен инвестицияларды қорғау жөніндегі форум өтіп жатыр. Басқосуға Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, Парламент Мәжілісінің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Біріккен Ұлттар Ұйымының, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының, Қазақстан инвесторлары қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ Еуропалық Одақтың елшісі қатысуда.

Сонымен қатар, бейнеконференция байланысы арқылы форумға өңірлердің әкімдері мен прокурорлары, сондай-ақ бизнес өкілдері қатысуда.
Бас прокурор өз сөзінде бұл іс-шараның Қазақстанда инвестицияларды қорғау – ең маңызды мемлекеттік басымдықтардың бірі екенін дәлелдейтінін атап өтті.
Берік Асылов: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы нақты ұстанымды айқындады: инвестор нақты қорғауды сезініп, ашықтық пен тұрақтылыққа сенімді болуы тиіс.

Дәл осы қағидаттар еліміздің заманауи инвестициялық саясатының негізін құрайды.
Қазақстан 48 үкіметаралық инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге қол қойып, елімізде қолайлы инвестициялық ахуал үшін сенімді құқықтық негіз қалыптастырды.

Конституцияға сәйкес, прокурорларға заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалау функциясы жүктелген, оның аясында біз азаматтар мен бизнестің құқықтарын да қорғаймыз.

Бүгінде біз екі мың инвесторға көмек көрсетіп, 30 мың жұмыс орнын қамтитын 250-ден астам жобаның іске қосылуын қамтамасыз еттік.
Қазақстан прокуратурасы тікелей Мемлекет басшысына бағынады, басқа мемлекеттік органдардан тәуелсіз және кез келген құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етуге қабілетті.

Инвесторларды қорғау тетігін одан әрі күшейту мақсатында Мемлекет басшысының Жарлығымен Инвестициялық омбудсменнің функциялары Бас Прокурорға жүктелді (2025 жылғы желтоқсан).
Бас прокуратура базасында Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды.
Өңірлерде мен облыс прокурорларының орынбасарлары деңгейінде инвестициялық прокурорларды тағайындадым.
Қазақстандағы әрбір маңызды инвестициялық жоба прокурорлық сүйемелдеуде болады.
Әрбір инвесторға нақты прокурор бекітіледі.

Қазіргі уақытта Заңда барлық мемлекеттік органдар үшін «прокурорлық сүзгі» деп аталатын тетік көзделген.
Олар прокурордың келісімінсіз инвесторды тексеруге, оның қызметін тоқтатуға, лицензиясын кері қайтарып алуға және өзге де шектеулер енгізуге құқылы емес.
Бұл – біздің қадағалау функциямыздың жүзеге асырылуы. Егер мемлекеттік органның шешімі немесе әрекеті заңсыз болса – біз оны жоямыз, ал кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады.

Егер заңнамада кедергілер болса – олар да жойылатын болады.

Мен Комитетке мемлекеттік органдардың заңға тәуелді актілерін айқын немесе жасырын кедергілердің бар-жоғына қатысты ревизия жүргізуді тапсырдым.
Олар Конституцияда азаматтар мен бизнес үшін белгіленген кепілдіктерді төмендетпеуі тиіс.
Бас прокуратура Мемлекет басшысы айқындаған «Заң және тәртіп» тұжырымдамасына толық сәйкес, инвесторлардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, Бас Прокурор Үкімет жанындағы Инвестициялық штабтың бизнестің мәселелерін жедел шешудегі негізгі рөлін атап өтті.
Штаб нақты қорғау құралына айналды:

— 2 жыл ішінде 200-ден астам инвестициялық жоба қаралды.

— Жобалардың жалпы сомасы — 100 млрд АҚШ долларынан астам.

— Инвестициялық келісімдердің көлемі 15 есеге өсті.

«Бұл — инвесторлардың сенімінің көрсеткіші және тиімді үйлестірудің нәтижесі», — деп атап өтті ведомство басшысы.

JQ-Aqparat

10 сәуiр, 23:03
"Народный юрист": жителям Астаны оказали бесплатную юридическую помощь
08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей