jasqazaq.kz

«Бензин безгегі» келмеске кетіп барады

27 қантар, 17:54

Былтыр жазда «Jas Qazaq» басылымында «Ұқсата білу қағидасы немесе бензин безгегінен біржола арылу» деген тақырыппен талдау дүние жариялаған-ды. Мақалада отандық мұнай өндірісінің зор әлеуеті мен нәтижелі ілгерілеу жайын сөз еткенбіз. Мүмкіндіктер төңірегінде айтылған мамандардың болжамы бүгінде расталып отыр. Жанармай сұранысы толығымен қанағаттандырылып, артық өнім экспортқа жөнелтілуде.

Energyprom.kz хабарлағандай, елімізде бензин (авиация отыны да) өндірісі өткен жылдың қорытындысы бойынша, 6 млн тоннаға жетті. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда, 9 пайызға артық. Осыдан 10 жыл бұрын жанар-жағай май өндіру көрсеткіші 3 млн тонна төңірегінде екенін ескерсек, осы саланы жаңғырту өз жемісін беріп жатқанын байқаймыз.
Көлікке қажет отын өндірісінің басым бөлігі әзірге 3 өңірде (Шымкент, Павлодар және Атырау) шоғырланған. Соның ішінде 2,3 млн тоннасы Шымқалаға тиесілі. Бензин өндірісінің артуына Қашаған кенішінде өндірілген мұнайдың өңдеу үшін осы қаладағы кәсіпорынға жөнелтілуі шикізат қорын молайтты. Айта кеткен жөн, «қара алтын» ағысының ішкі нарыққа бет бұруына Каспий құбыр желісі консорциумының терминалына жасалған дрон шабуылы да ықпал еткен сияқты.

Дайын өнімнің көбеюі ішкі нарықта сатылатын бензин көлемінің молаюын қамтамасыз етті. Атап айтқанда, былтырғы қаңтар-қарашада саудаланған жанармай 5,2 млн тоннаға жетіп, өсім 5,8 пайызды құрады.

Осылайша, отандық мұнай өнімдері өндірісі отандық экономиканы әртараптандырудың негізгі бағыттарының біріне айналып отыр. Ең бастысы, бір кездері жанармай жетпей, тұтынушыны сабылтып қоятын «бензин безгегі» келмеске кетіп барады.

JQ — Taldau

Сурет: ашық дереккөз

Бүгін, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк