5 қараша күні Алматыда белгісіз біреулер жаяу жүргіншіні атып кетті, деп хабарлайды stan.kz.
Куәгердің видеосы желіде тарап жатыр. Видеодан BMW көлігінің терезесінен қаруға ұқсас заттың шыққанын көруге болады. Желі қолданушыларының пікірінше, бұл пневматикалық қару. Сондықтан оның даусы естілмейді.
«Түнгі 23:30-да Рысқұлов пен Сайын көшесінің қиылысында көлігімді әлдекімдер пневматикалық қарумен атып кетті. Кейіннен Момышұлы көшесіне бұрылып, жаяу жүргіншіні атты. Мен бұл сәтті видеоға түсіріп алдым», – дейді желі қолданушысы.