jasqazaq.kz

Белгілі айтыскер Сырым Әуезхан: Қарапайым ауылда, жер үйде тұрамын (Видео)

09 қантар 2023, 17:48

Айтыскер, ақын Сырым Әуезхан «Менің өмірім» бағдарламасында отбасы мен жеке өмірі жайлы баяндады. Ақын Алматы облысында қарапайым ауылда, жер үйде тұратынын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі ақыннан «Қазіргі таңда анаңызбен бірге тұрасыз ғой, иә?», — деп сұрады. «Мен анамның қолындамын. Алматы облысы, Жандосов ауылында тұрамыз. Қарапайым ауылда, жер үйде тұрамын», — деді айтыскер. Сонымен қатар Сырым Әуезхан жұбайымен қалай танысқаны туралы да баяндап берді. «Жұбайым Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының қызы. Телеарнада жұмыс істеп жүрген кезде жұмыс барысымен Жаңаарқа ауданына түсіріліміне баратын болдым. Сол сапар барысында бір кісі бізді күтіп алып, қызмет қылды. Сол кісі маған қатты ұнады. Сол үйде жүрген қыз да ұнады. Алланың қалауымен, кейін менің жұбайым болып шықты ғой. Жұбайым туралы ақпаратты алдымен сұрастырып білдім. Бірінші кезекте зерттедім. Сосын көңіліме ұнағаннан кейін елге барып, анаммен және үлкен ағаларымызбен ақылдаса отырып, қазақтың салтымен барып таныстым. Әкесінің де, қызының да келісімін алып, отау құрдық. Үш ұлым бар», — деді Сырым Әуезхан.

Бүгін, 18:34
Салық саясатындағы өзгерістің күнгей тұсы
Бүгін, 17:56
Қазақстанның бітімгершілік миссиясының шежіресі
Бүгін, 11:15
Агроөнеркәсіпті дамыту – мемлекетті нығайтудың көрінісі
17 қазан, 12:01
Алматыда «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша көше тазалаудың жаңа форматы енгізіледі
16 қазан, 18:24
Алматыда коммуналдық техника паркі жаңартылып, жаңа қар ерітетін кешендер ашылып жатыр
16 қазан, 16:33
Медеу ауданында тұрғындардың өтінішімен 280 метрден астам баспалдақ жаңартылды
16 қазан, 16:13
Дархан Сатыбалды ауа сапасын бақылау мен заңсыз қоқыс орындарын жоюды тапсырды
06 қазан, 11:27
Алматыда Азаматтық қоғамды дамытуға арналған форум өтті
30 қыркүйек, 11:51
Алматы: Сапалы ауыз сумен қамту бағытында