jasqazaq.kz

Бекболат Тілеуханның інісі ресейлік визажиске үйленді

27 қазан 2022, 15:08

Бекболат Тілеуханның туған інісі Мейрам Тілеухан ресейлік визажиске үйленді, деп хабарлайды Stan.kz.

Ресейлік визажисттің әлеуметтік желідегі парақшасынан оның Қазақстанға қоныс аударғанын байқауға болады. Тілеуханның келіні 3 қазаннан бастап Instagram желісіндегі локациясынан Алматыны белгілей бастаған. Суреттерінің астындағы жазбада Мейрам Тілеуханды «күйеуім» деп көрсеткен. Тіпті олардың мешітке барып, некелерін қиған суреттері де жүр.

Сондай-ақ ол өмірінде жаңа кезең басталғанын айтып, жазба жариялаған.

“Ол мүле басқа болғанымен, маған қатты ұнайды. Соңғы кезде көптеген өзгерістер болды – өзге елге көштім, тіл үйреніп жатырмын, қайтадан көлік жүргізуді үйреніп жүрмін, үйдің құрылысы, тойға әзірлік, намаз үйрену, бірте-бірте исламға келе жатырмын», – деп жазды София Кляйн.

Бұнымен қоса Мейрам Тілеуханның бұрынғы Тоғжан Қожалы әлеуметтік желіде енді Тілеухандар әулетінің келіні емес екендігін мәлімдеді. Айтуынша, ол жақсы әйел, жақсы келін болған. Экс-жұбайынан бір қызы бар.

«Осы пост арқылы ерлі-зайыпты Тоғжан мен Мейрам енді бірге емес екенін жариялаймын. Енді мен Тілеухан әулетінің келіні емеспін. Жаңа жұпқа бақыт пен жақсылық, сондай-ақ көп балалы болуын тілеймін. Ал мен бұрынғыдан да бақытты тәуелсіз өмірдің жаңа кезеңін бастадым», – деп жазды ол.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті