jasqazaq.kz

Бекболат Тілеухан: журналистер қалай жазылса, солай оқиды

05 желтоқсан 2016, 12:16

snimok

«Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекелестігі және дамуы мәселелері туралы» өткен Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Бекболат Тілеуxан телеарнада сауатты сөйлей алмайтын журналистерді сынға алды.

Вaq.kz хабарлағандай, «елдің өзі элиталық қауым деп атап жүрген, білім мен ғылымға жақын журналистердің тіліне көңілі тола бермейді. Көптеген себептері бар. Қазақ тіліндегі екпіндер дұрыс қойылмайды, көзсіз еліктеу көп. Орфоэпия мен орфографияны ажырата алмайтындар қалай жазылса, солай оқиды» , — дейді Бекболат Тілеуxан.

Депутат сонымен қатар отандық теле-радиодағы қазақ тілінің үлесіне көңілі толмайтынын жеткізді.

«Мемлекеттік тілдің жағдайы әлі де мәз емес. «Айта-айта қасқырдан да ұят болды» дегендей, осы мәселе әбден жауыр болды. Халық көретін прайм-тайм уақыттарда түрік, кәріс, үнді сериалдары көрсетіледі. Ал радионы музыкалық бағдарламалар жаулап алған. Мысалы, Францияда америкалық өнімдерді телеарналарда, кинопарктерде көрсетуге квота берілген. Бізге де осындай бір талап қажет шығар», — дейді Мәжіліс депутаты.

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету