jasqazaq.kz

Бекболат Тілеухан: Оқушыға әліппені қайтарайық!

03 қараша 2016, 12:37

8-5

Бекболат Тілеухан 1-сынып оқушыларына бір ғасырдан астам тарихы бар әліппені қайтаруды талап етті.

Оның орнына «Сауат ашуды» енгізген Білім министріне бүгін мәжілісмен шүйлігіп, өзімен бірге ала келген кітаптың қатесін жайып салды.

– Тілі жеңіл, 105 жылдық тәжірибеден өткен «Әліппе» неден тәрік болды, неден жазықты болды, Ерлан Кенжеғалиевич? Ешқандай сараптама, қоғамдық талқы болмастан жарқ ете қалды мына «Сауат» ашуыңыз. Сондықтан да шикі, бағдарлама ауыр. Іші толған қайшылықтар. Бір әріпті үйренуге төрт-бес сабақ арналған. Бала деңгейі ескерілмеген. Ата-ана да наразы, мұғалім де наразы, қоғам да наразы, – деді Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан.

Осылайша, депутат Білім министрі Сағадиев мектеп табалдырығын енді аттаған балалардың обалына қалды деп отыр. Тілеухан, тіпті сол оқулықты Мәжіліске ала келіпті. Жаңа пәннің сыртқы мұқабасы мен ішіндегі бағдарламасын айтпағанда, «Сауат ашу» деген атының өзі тұнып тұрған қате,–   дейді депутат. Оның үстіне Әліппені алып тастамас бұрын, Білім министрлігі  ата-аналар, ұстаздармен мүлдем кеңеспеген. Халық қалаулысы мектептердегі  үштілділікке де шүйлікті. «Әлі ана тілінде әріп танымайтын балаға ағылшынды қоса, оқыту қате, сондықтан, бірінші сыныптардан шет тілін де алып тастау керек» дейді Бекболат Тілеухан.

  Караван

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету