jasqazaq.kz

Бейжіңде мектеп оқушылары қазақтың күйін сүйсіне тыңдап жүр

31 қазан 2017, 10:31

Қытай астанасы Бейжіңдегі мектептерде оқушылар қазақтың күйін сүйсіне тыңдап жүр. Белгілі әнші Димаш Құдайберген Инстаграмға осындай видео жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кішкентай балалар «Бастау» атты жеке концертімде мен орындаған «Адай» күйін тыңдап жүр. Видео Бейжің қаласындағы орта мектепте түсірілген. Бақытты болыңдар! Музыканың тілі баршаға түсінікті!», — деген пікір қалдырды Димаш.

Еске сала кетсек, Қытайда өткен I’m a Singer-2017 халықаралық ән байқауында екінші орын алған Димаш Құдайберген Қытай халқының ерекше қошеметіне бөленген болатын. Ал жазда Бейжіңде өткен Азияның жаңа әндері фестивалінде (2017 Fresh Asia music Festival) «Шетелдің үздік шығармашыл тұлғасы» аталымында жеңімпаз атанды.

Димаш Құдайбергеннің Қазақстандағы тұңғыш жеке концерті «Бастау» 2017 жылғы 27 маусымда өтті. Сол кеште талантты әншінің өнерін тамашалауға еліміздің түкпір-түкпірінен, алыс-жақын шетелдерден 30 мыңнан астам адам ағылып келді. Қонақтардың көпшілігі Ресей мен Қытайдан екендігін айта кеткен жөн.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы