jasqazaq.kz

Бейсен Құранбек әлеуметтік желіде өлең оқу эстафетасын бастады (видео)

17 қараша 2017, 14:52

ҚазАқпарат — Алматы облысында «Жетісудың жыр керуені» жобасы іске асырылуда. Жобаның мақсаты Жетісу жерінде кіндік қаны тамған ақын-жазушыларды көпшілікке таныту, олардың шығармаларын әлеуметтік желілер арқылы ел арасында насихаттау. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдар Башбаев мәлімдеді.

Жоба ережесі бойынша, белгілі бір тұлға өзі мәнерлеп оқыған өлеңді бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктейді. Кейін өлең оқу эстафетасын өзі таңдаған оқырманға ұсынады.

«Жобаны жүзеге асыру барысында жыр эстафетасын белгілі журналист, «Айтуға оңай», «Қаракет» бағдарламаларының жүргізушісі, облыстық «Жетісу» телеарнасының директоры Бейсен Құранбек бастады. Ол Алматы облысының тумасы, ақын Жұматай Жақыпбаевтың «Ләйлә» өлеңін оқып, әлеуметтік желі оқырмандарына ұсынды. Бүгінгі күні Инстаграм әлеуметтік желісінде өлең 30 мыңнан астам қаралым жинап, оған 200-ден аса пікір қалдырылды. Ал Фейсбук желісінде 5 мыңнан астам рет қаралып, 100-ден аса пікір жазылды», — деді А.Башбаев.

Айта кетейік, аталмыш жобаны 15-ке жуық адам қолдап, әлеуметтік парақшаларына жүктеді.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті