«Бейбіт Шүменов Қанат Исламның промоутері болды деген ақпарат жалған. BoxRec сайтына солай жазылып кетіпті. Хабарластық. 1-2 күнде өшіреді». Бұл туралы Қанат Исламның өкілі Берік Сұлтан Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды jasqazaq.kz тілшісі.
Айта кетейік, осыған дейін жеңіліп көрмеген отандық боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) жаңа промоутер алды деп хабарлаған еді BoxRec.com. сайты.
Хабарламада жаңа промоутер WBA нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) делінген. Сондай-ақ Б.Шүменов сонымен қатар өзбекстандық боксшы Равшан Худайназаровтың (17-1, 13 КО) да ісін жүргізетін болады.