jasqazaq.kz

Бейбіт шеруге қатысатын журналист нені білуі керек?

07 сәуiр 2025, 12:55

Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі бұйрығымен бейбіт шеруге қатысатын журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілі) қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Бұйрық 15 сәуірден бастап күшіне енеді. Құжатта жазылғандай, бейбіт жиналыстарда ақпарат жинау, өңдеу, хабар және материал дайындау кезінде журналист өзімен бірге қызметтік куәлігін алып жүруге және арнайы киім киюге міндетті.
Нақты айтқанда:
– хабар мен материал жинау, өңдеу және дайындауды жүзеге асырады, ақпаратты сұратады, алады және таратады;
– көлік қозғалысына, инфрақұрылым нысандарының жұмысына, мүліктің сақталуына кедергі келтіретін, сондай-ақ бейбіт жиналысқа қатыспайтын азаматтардың еркін қозғалысына тосқауыл болатын әрекеттер жасамайды;
– бейбіт жиналыс ұйымдастырушысының, қатысушыларының және мемлекеттік органдар мен ұйым қызметкерлерінің заңды әрекеттеріне кедергі жасамайды.
Журналистердің кәсіби қызметін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы орган бұқаралық ақпарат құралдарының сұранысы бойынша жедел баспасөз орталығымен қамтамасыз етеді.
Жедел баспасөз орталығы келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:
– арнайы қоршалуы;
– фото, видеоға түсіру және сұхбат алу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
– электр қуатымен қамтамасыз етілуі;
– өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда ішкі істер органдары қызметкерлерінің жедел әрекет етуі арқылы журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі.
Журналист бейбіт жиналыстарда ақпарат жинау, өңдеу, дайындау қызметін жедел баспасөз орталығы аумағында да, одан тыс жерлерде де жүзеге асыра алады.
Сондай-ақ жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыс кезінде өз өкілінің қатысуын қамтамасыз етеді. Ол журналистерді жедел баспасөз орталығына ертіп бару, ұйымдастырушылар мен қатысушылардан сұхбат, түсініктеме алуға көмектесу, сондай-ақ журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды түсіндіру жұмыстарын жүргізуге жауапты.
Журналистердің бейбіт жиындағы формасы:
– Ашық көк түсті жилет;
– Белгілейтін таңғыш (қолға тағады);
– Жапсырма (кеудеше).
Аталған айырым белгілерін киген кезде олардың анық көрінуі қамтамасыз етілуі қажет.
Жилетте көлденеңінен ені кемінде 20 миллиметр болатын жолақ тігіледі (алдында және арқасында). Сол жолақтардың үстіңгі бөлігінде «PRESS» деген жазу орналастырылады. Жазу латын әріптерімен, Arial қарпімен, ақ немесе күміс түсті шағылыстырғыш матадан жасалады. Таңғыш – ашық сары түсті, үстінде «PRESS» деген жазу болады.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк