Бейбіт Қорған жұртшылықтан кешірім сұрады

11 шiлде 2023, 11:56

Instagram желісіне әнші Бейбіт Қорған концертке үлгере алмай қалғаны үшін жұртшылықтан кешірім сұрайтыны жайлы сөз етті.
Астанада елорданың 25 жылдығы мен Байқоңыр ауданының 5 жылдығына орай танымал отандық әншілердің қатысуымен Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда концерт өткен болатын. Бейбіт Қорған өзінің Instagram парақшасында мерекелік іс-шараға шақыру жазбасын жариялаған еді. «Ертең күтемін сіздерді, достар! Келіңіздер! Қош келдіңіздер», — деп жазды әнші жазбасының сипаттамасында. Бірақ бүгін, 11 шілде күні Instagram-дағы Stories бөлімінде ол концертке қатыса алмай қалғаны туралы айтты. «Ассалаумағалейкүм құрметті ағайын, туысқандар! Өте қатты кешірім сұраймын, міне, жолда кетіп бара жатырмын. Филармониядағы болатын концертке үлгере алмай қалдым, кешірім сұраймын. Әлі де алда талай концерттерде бұйырса, жолығамыз деп қолымнан келгенше уәдемді беремін. Алла разы болсын! Амандықта жолығайық. Мен үшін алтын уақытыңызды бөліп, келгендеріңізге Алла разы болсын деймін және басымды иемін. Шын жүректен рахмет», — деді Бейбіт Қорған.

JQ-Aqparat

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды