

Баян Мақсатқызы (Есентаева) отандық көрермендерді таң қалдыруға кірісті.
Бұл туралы brod.kz хабарлады. Продюсер музыкалық фильмнің түсіріліміне дайындықты бастап кетті, туындының атауы әзірге құпия. Мюзиклдың өндірісімен Shine production продюсерлік орталығы айналысады, ал музыкалық жағын Бағым Мұхитденова өз қолына алмақ.
Алдағы уақытта түсірілетін мюзикл продюсердің төртінші толықметражды әрі екінші музыкалық жобасы болады. 2010 жылы отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Жұлдызға арналған коктейль» комедиясы ұсынылған болатын. 2011 жылы Баян Мақсатқызы жалғасын түсірді, ал 2014 жылы «Абайлаңыз, сиыр!» комедиялық оқиғасын түсірді.