jasqazaq.kz

Бауыржан Байбек: Төбесі тесік мұндай автобусқа кім отырады? (фото видео)

18 қараша 2016, 23:10

fyu

Алматы әкімі Бауыржан Байбек «АвтоАлмат-Транс» компаниясының жетекшісіне қатты сын айтты. Мұның алдында «Тұлпар-ЦДС» ЖШС-на тиесілі болған автопаркке қатысты арыздар толмастамағаннан кейін қала басшысының шыдамы таусылған. Бұл автопарк 25, 65, 95 және 119-шы бағыттағы автобустарға қызмет көрсетеді.

Tengrinews.kz хабарлағандай, 18 қараша күні кешкісін қала басшысы автопаркке жеке өзі барды. Кәсіпорын жетекшісімен амандасып, Байбек бірден автопарк автобустарына қатысты арыздар көрсетілген қағаздарды алып шықты.

snimok

«789 NA мемлекеттік нөмірі бар автобуста терминалдардың бірі жоқ, ал төбесі тесік. Бұл Алматы — төбесі тесік! Сендердің орындарыңда болсам, ұятқа қалмай мұндай бизнесті жауып тастайтын едім. 65-ші автобуста тұтқалар сынған, төбенің жабуы тым нашар. Еденнің жабуы жыртық, жарық плафоны жоқ. Бұл не?! Сіздерді қала тұрмақ, облысқа жіберуге болмайды. Осыдан кейін қаладан бірдеме талап етесіздер. Бірінші өздеріңіз (қаржы — автор ескертпесі) салу керексіздер. Сіз құрылтайшы ретінде.

dcb7b77d1ae2f276dde66d28dc625e3d

6b935bf080956527e5598e3d6138c025

Сіз тіпті қанша автобусыңыз барын да білмейсіз, бас шұлғып тұрсыз. Автобустардың барлығы түтіндеп жүр», — деп наразылығын білдірді әкім.

Күннің алғашқы жартысында автопарк өкілдерімен өткен жиналыс қорытындысы бойынша, бұл салаға қосымша қаржы бөлу шешімі қабылданғанын хабарлады қала басшысы. Байбек автопарктер осы қаржы арқылы жолаушылар көлігі саласында айқын бизнес жасай алса, әкімдік осының үстіне қосымша қаржы бөлетіндігін жеткізді.

1479472110_whatsapp-image-2016-11-18-at-18-16-15

«Біз салық төлеушілердің ақшасын түсініксіз, бұлдыр салаға жұмсай алмаймыз. Бүгінде жүргізушілеріңіздің жалақысы қандай? 70 мың теңге ма? Жүргізушілеріңіз қайдан? Марстан ба, 70 мыңға жұмыс істеуге дайын? Оларға көмектесейік. Олардың да отбасы, балалары бар. Еңбекақыны көтеріңіз, сапаны жоғарлатыңыздар. Орындық, тұтқаны айырбастаңыздар. Анда нені скотчпен орап тастағансыздар?» — деп сұрағын қойды қала басшысы.

ekn

Алматы әкімі автопаркте болып қайтқаннан кейін, парк жетекшілігі кәсіпорындағы жағдай туралы айтып берді. Кәсіпорынның басқарушы директоры Азат Ахласовтың айтуынша, қазіргі кезде сала боойынша қиын жағдай туындап тұр. Көптеген себептермен қатар Ахласов қосалқы бөлшектердің 40-50 пайызға қымбаттағанын, коммуналдық төлемдердің жоғарлауын және жер — төрт гектар үшін ақының көтерілгенін айтты.

фото: zakon.kz

31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу
29 қазан, 12:25
Суомимен стратегиялық деңгейдегі серіктестік